Бұл электронды кітапты алғаш әлеуметтік желіге жүктеген электронды кітапхана


Біріншіден,ұйқының қанбауы жинақталу қасиетіне ие



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата17.07.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179484
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Ұйқы

Біріншіден,ұйқының қанбауы жинақталу қасиетіне ие.
Басқаша айтатын 
болсақ, ұйқы жетіспеушілігінің уақыт өте келе тек арта беретін өзіндік 
нейробиологиялық бағасы бар.Тәжірибенің бірінші аптасынан кейін күніне 6 
сағат ұйықтайтын қатысушылардың 25%-ы күндіз әртүрлі уақытта ұйықтауды 
әдеткеайналдырған. Екі аптадан кейін бұл топтағы адамдарда екі тәулікті 
мүлдем ұйқысыз өткізген адамдардікіндей көрсеткіш пайда болған. 
«Ұйқының жетіспеуі біртіндеп жинақталады!!!» 
Екінші қорытынды да маңызды: қатысушылар өз көрсеткіштерінің 
төмендегенін байқамаған.
Қатысушылардың өздері көрсеткіштеріміз 
бірнеше күн бойы нашарлады, содан кейін бұрынғы қалпында қалды деп 
есептеген.Шын мәнінде олардың көрсеткіштері бүкіл тәжірибе бойы төмендей 
берген. 
Біз ұйқы жетіспеген кездегі когнитивтік функциялардың төмендеуін 
байқамаймыз!!! 
Бұл жерден шығатыны - біз өзіміздің жағдайымызды нашар бағалаймыз және 
өзіміздің 
когнитивтік 
функцияларымыздың 
қаншалықты 
жақсы 
жұмысістейтінін нақты анықтай алмаймыз. Бұл әсіресе қазіргі кездегі 
тұрақтыәлеуметтік белсенділік, кофеин және шын мәнінде олай болмаса да, 
өзімізді сергек сезінуге көмектесетін басқа да факторлар жағдайында 
бұрынғысынан да қиындап кетеді. 
Көптеген зерттеу жұмыстары дені сау адамға 8 сағат ұйықтау керектігін 
дәлелдеген.
Бұл ұйқы табиғатынан шығады. Біз қалыпты жағдайда әрқайсысы 
100 минутқа созылатын бес ұйқы кезеңінен өтетінімізді есіңізге түсіріңіз, егер 
100-ді 5-ке көбейтіп, 60-қа бөлсек шамамен 8 сағат шығады. 
Ұйқы ұзақтығы адамның жасына байланысты болады.
Адам жас 
болғансайын оған соншалықты көп ұйқы керек. Ұлттық ұйқы қоры (National 
Sleep Foundation), осы салада 25 жыл зерттеу жүргізіп келе жатқан 
американдық коммерциялық емес ұйым келесідей ұсыныстар береді: 


-0 -ден 3 айға дейін — 14–17 сағат; 4-тен 11 айға дейін — 12–15 сағат; 1-ден 2 
жасқа дейін — 11–14 сағат; 3-тен 5 жасқа дейін — 10–13 сағат; 6-дан 15 жасқа 
дейін — 9–11 сағат; 
-14-тен 17 жасқа дейін — 8–10 сағат; 18-ден 64 жасқа дейін — 7–9 сағат; 
-65 жас және одан жоғары — 7–8 сағат. 
Ұйқы ұзақтығы физикалық және ой белсенділігіне тікелей әсер етеді.
Мүмкін 
өз ісіңізде шебер болу үшін ұйқыға танымал ғалымдар, жазушылар 
жәнесаясаткерлер сияқты уақыт бөлу керек шығар? Бұл сұрақтың дәл жауабы 
жоқ. 
Эйнштейн мен Шопенгауэр тәулігіне 10-12 сағат, ал Оноре де Бальзак, Лев 
Толстой және Чарльз Дарвин 8 сағат ұйықтаған. Зигмунд Фрейд пен 
Владимир Набоков 6 сағаттық ұйқыны ұстанған. Моцарт пен Маргарет Тэтчер 
(5 сағат), Наполеон Бонапарт пен Вольтер (4 сағат) сәл азырақ ұйықтаған. 
Сергектік бойынша рекордшылар — көп кезеңдік ұйқыны қолданған Томас 
Эдисон мен Никола Тесла. 
Бірегей рецепт жоқ. Ұйқының ұзақтығы аяқ киім өлшемі сияқты. Көпшілік 
адамдарға 8 сағат келеді, ал кейбіреулері үшін бұл не аз, не көп болады. Дәл 
Сізге қанша уақыт ұйықтау керектігін тәжірибе арқылы анықтауға болады. 
Тест 
«Сіз жеткілікті ұйықтайсыз ба?»
Үш сұраққа жауап беріңіз: 
1)
Сізге тұру үшін оятқыш керек пе? 
2)
Сіз күндіз сергек жүру үшін кофе немесе энергетикалық сусындар ішесіз 
бе? 
3)
Сіз алғашқы бес минут ішінде ұйқыға кетесіз бе? 
Алғашқы екі сұраққа "иә" және соңғысына "жоқ" деп жауап беру Сізге 
ұйқыңыздың ұзақтығын арттыруыңыз керек екендігін білдіреді. 
Бозторғайлар үкілерге қарсы 
Циркадты ырғақтар адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді. 
Адамдар ой белсенділігінің қарбаластығына байланысты екі хронотипке 
бөлінеді: таңертеңгі (бозторғайлар) және кешкі (үкілер). 
Бозторғайлар 
Ерте тұрып, ерте жатады. Таңғы 5-8-де оянады. Әдетте түнгі 10-нан қалмай 
ұйықтайды. Түске дейін жұмысқа деген қабілеттері мен өнімділіктері жоғары 
болады. Күннің екінші жартысында тапсырмаларды тиімді шеше 
алмайды.Кешке қарай қатты шаршайды. 
Үкілер 
Кеш тұрып, кеш жатады. Таңертеңгі 9 және одан кейін тұрады. Ережеге сай, 
түнгі 12-ге таман ұйықтайды. Түстен кейін және кешке қарай жұмыс 


өнімділіктері өте жақсы болады. Ерте ояну жолдан ауытқытады. 
Бұл жіктелімді Батыста 1970-жылдары ойлап тапқан. Сол кезден бері 
бозторғайлардың, әлде үкілердің жақсы екендігі жайлы дау әлі тоқтаған 
жоқ.Бозторғайларға еңбексүйгіштік пен жетістік тән. Ерте тұрған адамның... 
Әлем 
таңертеңгі 
құстар 
үшін 
жаралған 
сияқты. 
Мемлекеттік 
мекемелер,емханалар, дүкендер, ұйымдар — егер барлығына үлгергің келсе, 
ерте тұр. Бірақ, ғылыми зерттеулер мен өмірлік мысалдарға сәйкес үкілер де 
жұмысқа икемді және табысты болып келеді. Мысалы, биржадағы трейдер 
немесе ІТ- фрилансер үшін жалпыға бірдей жұмыс кестесі аса маңызды емес: 
олардың өз кестелері бар. 
Кейде пікірталастар күлкілі болып кетеді: үкілер адамдармен жақсыараласады 
және арманшыл, ал бозторғайлар жауапты және жылы шырайлы деген 
пікірлер де бар.Шын мәнінде мұндай субъективті қасиеттер хронотипке емес, 
индивидуумның мінез-құлқына байланысты болып келеді. Сондай-ақ, 
бірмәнді түрде бозторғайларға немесе үкілерге жатқызу қиынға соғатын ұйқы 
тәртіптері де бар. 
Үкілерге таңертең қалай қиындықсыз тұруға боладыӨздерінің түнгі өмір 
салтын ағзаның қандай да бір құпия қасиеттеріменақтайтын адамдар көпшілік. 
Мен үкімін және менің ағзам мен таңертең тұра алмайтындай болып 
қалыптасқан, ал түнде менің күшім өте көп. Ал әскерде не себепті 
бозторғайлар да, үкілер де болмайтыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Себебі, 
ол жерде тәртіп бар! Ал тәртіп бар жерде барлық адамдарешқандай да құс 
емес, кәдімгі адамдар болады. 
Таңертеңгі немесе күннің екінші жартысындағы сергектік — бұл жай ғана 
әдет. Дәл осы нәрсе бізге өз бұйрықтарын біздің қалауымыз 
ретіндеқабылдауға мәжбүрлейді. Алғаш рет шайға қант қосудан бас 
тартқанкездегідей тәжірибе жасап көріңіз. Ол кезде сүйікті тәтті сусын 
кенеттендәмсіз нәрсеге айналады. Тәжірибе бастағаннан кейін бір ай өткен 
соң шайға қант қоссаңыз сусынның дәмді болмай қалғанына таң боласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет