Бұл электронды кітапты алғаш әлеуметтік желіге жүктеген электронды кітапхана



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата17.07.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ұйқы

Көп ұйықтаған ұлы адамдар 
Біз өте аз ұйықтаған белгілі адамдар жайлы айттық. Соған қарамастан олар 
ғылымда, әдебиетте, өнерде және басқа да салаларда үлкен жетістіктерге қол 
жеткізген. Теңдестік болуы үшін біз ерте тұруға қарағанда түске дейін 
ұйықтауды артық санаған және тәуліктің шамамен 10-12 сағатын төсекте 
өткізген танымал тұлғалар топтамасын жасау туралы шешім қабылдадық. 
Абрахам де Муавр
(1667-1745 жылдар) 
Арғы тегі француздық, ағылшын математигі Абрахам де Муавр бірқатар 
ғылыми 
жаңалықтар 
ашқан. 
Атап 
айтатын 
болсақ, 
кешендік 
сандардыдәрежеге шығаруға арналған өзіндік формуласын ойлап тапқан, 
шексіз қатарларды дәрежеге шығаруды алғашқы болып пайдаланған. Муавр 
ықтималдықтар теориясына үлкен үлес қосқан.Соған қарамастан тарихшылар 
ғалымның ұйқыны жақсы көргендігін, тіпті кейде тәулігіне 20 сағатқа дейін 
ұйықтағандығын айтады. 
Иммануил Кант
(1724-1804 жылдар) 
Кант неміс пәлсапасының "әкесі" деп есептеледі. Оның ғылыми еңбектері 
мемлекет және құқық, қоғам және адам теориясына арналған. 
Оныңпәлсапасындағы негізгі орынды ядросы - борыш түсінігі болатын 
санаттық императив алған. Философ "Борыш - бұл басқаның құқығына 
құрмет" деп айтып кеткен.Кант өзінің ұйқыға деген құқығын бұзуға ешқашан 
жол бермеген. Ол күн сайын қатаң түрде 22-де жатып, таңғы 4:45-те оянатын 
болған. Егер оныңқызметшісі болмағанда одан да көп ұйықтайтын еді. 
Ұйықтар алдында ғалым оны бір минут ерте, бір минут кеш емес, дәл сол 
уақытта оятуды қатаң бұйыратын. 
Иоганн Вольфганг фон Гёте
(1749-1832 жылдар) 
Әлемге мәңгілік "Фаустты" сыйға тартқан тағы бір атақты неміс ойшылы да 
ұйықтауды жақсы көрген.Гёте "Өмір - табиғат туындыларының ішіндегі 
ғажайыбы" дейтін, сондықтан да осы "туындыдан " барынша ләззат алуға 
тырысатын. Дәуірлестері Гётенің тәулік бойы ұйықтай алатындығын еске 
түсіреді. 
Артур Шопенгауэр
(1788-1860 жылдар) 
Мизантроп әрі арманшыл Артур Шопенгауэр Иммануил Канттың пәлсапалық 
еңбектерін қатты бағалаған және оған ұқсауға тырысатын. Мысалы, ұйқыға 
қатысты.Шопенгауэр өзі өмір сүрген әлемді "мүмкін болатын әлемдердің ең 
жаманы" деп есептеген, адамдардан қорыққан және замандастарының айтуы 
бойынша жастық астына қару алып ұйықтаған. Философ қатарынан 10,15 
және тіпті 20 сағат ұйықтайтын болған. 
Альберт Эйнштейн
(1879-1955 жылдар) 
Талантты физик Альберт Эйнштейннің әдеттері мен мінезі жайлы көптеген 
аңыз әңгімелер бар. Мысалы, ол өткен ғасырдың ортасындағы тәкаппар 


ғылыми әлемді өзінің сыртқы келбетімен көп таң қалдырған. Эйнштейн 
"көрнекіліктің" соңына түспеген және жылдар бойы бір ғана костюмді киіп 
жүре беретін болған.Ғалым қандай да бір шектеулерді ұнатпаған: қанша тамақ 
жегісі келсе, сонша жеген, әрқашан әр түрлі уақытта жататын және оятқанға 
дейін ұйықтайтын болған. Оның ұйқысының орташа ұзақтығы тәулігіне 10-12 
сағатты құрайтын. Бәлкім, Эйнштейн дәл осы себепті ұзақ әрі қызықты өмір 
сүрген болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет