өлеңінде
анық байқаймыз, Сары бала қара қазан қамы үшін қолға егеулі найза алып, беркініп
садақ асынып жалпы қазақ ұлтын біріктірудіі мақсат ету жолында күрескенін, арман
сарынын көруге болады.
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді,-
деп дәріптеп өткен Исатайды Махамбет көтеріліс басшысы ретінде көреді. Екеуі
елдік
жолында күрескен шынайы халық батырлары болатын. Алайда Махамбет алдыға қойған
мақсат пен борышты жүзеге асыра алмады. Себебі, Исатайдай туған ер жанқиярлық
ерлік
кезінде қапияда көз жұмады.
Менің ойымша, міне, осы кезеңде Махамбет жырлары енді аңсау сарынына түседі. Аға
орнына аға болған Исатайы мен Жәңгір ханнығ тепкісін көріп, кіндік қаны тамған жер туған
жері
Еділ Жайығын, Нарынын сағына бастайды, Көтеріліс
туы жығылып, ақынның тауы
шағылады. Өмірден түңіліп, жалғыздыққа сәл бой алдырады.
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,-
деп өзінің бүкіл жан дүниесіндегі алапат сезімдерді өлеңмен сыртқа шығарады. Айналаны
қараңғы тартқан түнекке балап, өткен күнді жарық сәулеге теңейді. Алайда, қаншалықты
сағыныштан сарғайғанымен де өткенді қайтара алмайды.
Қорыта келе, Махамбет жырларында үміт пен алдамшы сезім,
өлім мен өмір, арман мен
мақсат қатар жүріп, ақынның өмірін бізге таныта түседі
Достарыңызбен бөлісу: