Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, 50115 34447b408a48d8e8f391d57742858f77 (1)
№26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып 
отырғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз. 
Жыраулар поэзиясында ерекше орын алатын Майлықожа – өзі өмір сүріп отырған 
заманның озбырлық сырын түсініп, әділет жолын жақтаған ақын. Ол дау мен жанжалды 
қоздырып, желікпе жетесіздер билеген заманды батыл сынайды.
Майлықожаның шығармалары өз дәуірінің түрлі саласын қамтып, ел тұрмысына жаны 
күйзеліп, халық басына түскен қиыншылықтарға, жұт жылының ауыр қасіретіне қатысты 
көптеген өлеңдер арнаған. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» 
деген толғаулары. Бұл шығармалардың негізгі идеясы –адамгершілік ұғымындағы ғибрат 
сөздерді қамти отырып, қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарды дәл айқындап, оларды шешу 
үшін қоғам мүшелері биік адамгершілікті, еңбексүйгіш болу керек деп түсінеді. Мысалға, 
«Қасқыр» атты өлеңінде өзі тойса да, көзі тоймайтындарды қасқыр мінезді жыртқыш 
кейпінде суреттеп, әжуа етсе, «Үш жігіт» толғауында оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат 
етпеу – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп, дәл осы жағымсыз мінездерден аулақ 
болуға шақырады.
«Зар заман» дәуірімен тұстас өмір сүріп отырған Майлықожа тек заман қиындығын 
суреттеумен ғана емес, еңбек тақырыбында алдыңғы орынға қояды. «Бұлбұл» өлеңінде күнді 
босқа өткізбей, табыс табуды насихаттаса, өнері мен білімі асқан адамға зор сеніммен 
қарайды деп ой түйеді. Адамдықтың ең басты қасиеті – адамгершілік қасиет десе, оның ең 
биік үлгісі ата-ананы қадірлеуден бастау алып, адамды құрметтеу екенін арқау етіп отырады. 
Өлеңдері ақыл-нақыл мен қатар өсиет сөздерімен ерекшеленіп отыратын Майлықожа 
өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отыр ма? Oның бізге беретін 
мәні қандай? 
Өмірді сүрудің басты мақсаты – адал еңбек пен көркем мінез деп санайтын 
Майлықожаның өлеңдерін талдап қарасақ, менің ойымша, бұл мәселелер қазіргі күні де 
өзекті болып отыр.
Себебі, біріншіден, қазіргі заманда да «азулының қолы асып, азусызға тарлық етеді» деп 
айтуға болады. өйткені, қолында билігі бар адамның ақшасы болса, бәрін сатып алуға дайын 
тұрады. Онымен қоса, қолында барын қадір тұтпай, өнер мен білімнен қарағанда байлығын 
жоғары қояды.
Екіншіден, Майлықожа дәріптеп кеткендей, адамның өзінің айналасындағы ағайын 
туыстарын сыйлап, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуі – әке мен шешенің балаға 
деген тәрбиесінің дұрыстығында жатқандай. Алайда, бұндай жағдай қазіргі кезде керісінше 
орындалып жатқандай...Ақын үміт артып кеткен оқығаны мен тоқығаны да мол, елі үшін 


еңбек етуге тартынбайтын ізгі азаматтар саусақпен санарлықтай ғана. Әрине, бұл бізді 
қынжылтатындай жағдай болыр отыр. Себебі, олардың істі орындауға құлшынысынан гөрі, 
өтірік айту, арам жолмен ақша табу ниеттері басым келеді. Сонымен қатар, адамға деген 
сыйластығы мен қарым қатынасын көріп қарның ашады. Алайда бұл қазіргі заманның 
шындығы. 
Қорыта келе, ақынның бұндай мұралары қазақ қоғамының бүкіл дәуірін қамтитындай. Қай 
заманды алып қарасақта, «заман қайтіп оңалсын» деп ашынып, түзеткіміз келетіндей. 
Алайда, адамдықтың ең асыл қасиетін бойымызға сіңіру, дұрыс жолдп жүріп, адал еңбекпен 
нан тауып, өмір сүру – өзімізге де байланысты екенін әсте естен шығармайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет