тырнағын ішіне тығып қымсына, үрейлене отырып өз тіршілігін қамтып жүреді. Ал кедейлер
тобында бұрын соңды болмаған жаңа өзгерістер жаңа сәулеге ұмтылыс оянып, іздену, ілгері
басу байқалады. Бұл процесс ақырындап бай атауын тарих сахнасынан ығыстырып
шығаруға дйін жеткізгені көрініс табады. Сондай ақ революцияның
бір толқыны жанап
өткен қазақ ауылында баяу болса да іске асып келе жатқан осы бір өзгеше тіршілік пен
қоғамдық даму, осы негізде халықтық сана сезім мен мінез құлқында туған жаңашылдық,
менің ойымша, романның негізгі
тақырыбы, әрі жеткізейін деп отырған ойы секілді.
Ғабиден өзі суреттеп отырған өмір шындығын, сол заман адамдарының өміріндегі
өзгерістерді терең білетін жазушы есебінде роман сюжетін
кейіпкерлердің тағдыры мен
қақтығысына құрып дамытады. Сол себепті шығармада алдымен оқиғалар тізбегі емес,
адамның іс әрекеті көрінеді. Сол арқылы дәуір сипаты,
оның сыры, адам санасындағы
өзгерістер ашылып, өз сипатын танытады. Қазақ ауылындағы кеңес жұмыстары ұзақта әрі
қиыншылығы қатар жүре отырып іске асады. Байлар мен кедейлердің
арасының ара жігін
ажырату, кедейлерге таптық мүддесін танытып, өздерін қанаушыларға қарсы күреске
шақыру, жасқаншақ қазақ кедейінен саналы күрескерлер тәрбиелеу роман оқиғаларының
негізін құрайды деп толыққанды айтуға болады.
Менің ойымша, феодалдық рушылдық салт санамен уланған, күрес жолынан аулақ таптық
жік жайында таза ұғымы жоқ ауыл кедейлерінің кеңестік дамуға бірден көндіге алмай, ұзақ
қателіктерден кейін ғана өмір сырына көндіге бастағанын кейіпкерлер өмірі мен образдары
арқылы анық та айшықты түрде бізге ашып көрсеткендей.
Қорыта келе, Ғ.Мұстафин бұл романы арқылы өзінің өсу үстінде екенін, шеберлігі жетіле,
кемелдене түскенін танытты. Әлеуметтік күрескерлердің алға қойған мақсаттары
салмақтана, байсалдылық тарта бастағаны аңғартылады. Сол арқылы да бізге сол заманның
ащы шындығы мен халық тұрмысының бай картиналарын көзге елестете отырып, дәстүрдің
өзіндік
ерекшеліктерін, жаңашылдықтың қазақ даласына баяу тарап, әлеуметтік тартысты
дөп басып бейнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: