Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


 Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

44. Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы 
үндестікті тауып, талдап жазыңыз. 
«Абай дана, Абай дара қазақта…» Міне, бұл сөздер бүгінгі жастардың да егде тартқан 
кәрілердің де мақтанып, кеуде соғып айтып жүретін ұранына айналған. Иә, бұл рас әрине! 
Қара сөздің майталманы, өлең атаулының жігін шағып, майын ішкен ұлы ақын Абайдан 
алып тумас, бәлкім. 
Ақынның бізге қалдырып кеткен мүраларынан елеулі орын алатын шығармаларының бірі 
қара сөздері болса, ал екіншісі поэмалары еді. Оның ішінде: «Масғұт», «Ескендір» және 
аяқталмай қалған «Әзім әңгімесі». Бұлардың барлығы да ақынның лирикадан оқиғалы, 
көркемдік желісі қалыптасқан щығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын маңызды 
еңбектері еді. Сонымен қатар, ақынның Шығыс ақындарын жете танитындығын, жазба 
әдебиеттің негізін салушы екенін танытып тұрғандай.
Абайдай дарынды тұлғаның шығармаларын оқи отырып, оның «Масғұт» атты поэмасы мен 
адамға тұшымды ой қалдыратын бірінші қара сөзінің арасында ұқсастық пен ойлардың 
үндестігін байқадым. Оның себебін анықтау үшін алдымен бұл шығармаларды талдап көруді 
жөн көрдім. 
Ақын бүкіл ғұмырында көрген білгенін жинақтай келе, гуманистік көқарасты негізге алып, 
адам бойындағы қасиеттер арқылы жастарды тәрбиелеу мақсатында, ізгілікке жетелейтін 
«Масғұт» поэмасын жазады. Бұл жаңа идеялық көзқарасқа негізделіп жасалған шығарма 
болып табылады. Мұнда ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамның 
адамдығын танытатын адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді. Ақылы мен парасаты мол 
адамның мінез құлқын, көркем мінезін көпке үлгі етеді. Поэманың негізгі идеясында әйелді 
қоғамның ерлерге тең мүшесі санау арқылы, адамдардың бәрі тең екені, олар тек өздерінің 
бойындағы асыл қасиеттері арқылы дараланатынын жеткізеді. Оқиға желісі бойынша 
Масғұт қызыл жемісті таңдау арқылы өзінің достық, адамгершілік пен адал іс әрекетті 
құптайтынын танытады. Бізге беріліп отырған Абайдай дарынды тұлғаның «Масғұт» атты 
поэмасы мен адамға тұшымды ой қалдыратын бірінші қара сөзінің арасында қандай үндестік 
бар? Оларды не байланыстырады? 


Ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, 
философиялық түйіндерді жинақтаған қара сөздері мен ақынның ақылынан, ой түйінінен 
туған поэмасының рухани байланысы бар. Себебі,біріншіден бұл шығармалары Абай 
шығармаларының елеулі саласы, әрі нақыл сөздерімен мазсұндас, идеялас, бірін бірі 
толықтыра түсетін шығармалар болып табылады.
Менің ойымша, бұның екінші себебі – поэмада да, Абайдың бірінші қара сөзінде де адал 
достық, адамгершіліе пен көркем мінезді дәріптей отырып, адамды рухани байытатын осы 
қасиеттер екенін танытады. 
Үшіншіден, екі шығармада да Абай оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің 
бірі адамның адам болуға үйренуі, естілікке ұмтылып, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны 
дамыту жайлары туралы өнеге қалдырады. 
Қорыта келе, жастайынан ақындыққа ұмтылып, бар ғұмырын халыққа қызмет ету жолына 
арнаған Абай қаламынан туған поэма мен қазақ әдебиетіне жаңалық алып келген қара 
сөздерінің арасында ерекше байланысы бар екенін тани түскендейміз. Олар ақынның 
тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы болумен қатар, көңілдегі көрікті 
ойдың өңін қашырмай бізге жеткізе отырып, бұл туындылар арқылы тәлім тәрбие 
алғандаймыз.3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет