Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№45 Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

 
№45 Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын 
дәлелдеңіз. 
«Алаш идеясы» - қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының 
көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан? 
Бұл өзекті мәселе болғандықтан,жан-жақты талдауды қажет етеді. 
Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа 
елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында 
ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі 
тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – 
Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, 
Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз.
Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық болмысымызды 
сақтау, тәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншісі – туған 
тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде қозғалыс көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың 
жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс 
болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х.
Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – 
жойылған жұрт» депті. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің 
идеясының бір дәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде әлем 
таныған, мойындаған ел болдық. Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының 
«Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының 
жалғасқандығын айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске 
асырды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің 
іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, 


дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз 
жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік 
орнығуына үлес қосуға тиіспіз. 
Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге 
асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін 
біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.(270) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет