ғашығын өз қолымен өлтіруге себепші болады. Мінекей қысқаша мазмұны осындай. Бұл
шығармадан адалдықтың қандай түрін байқауға болады? Ол қалай берілген?
Менің ойымша, бұл туған елге деген адалдық. Адалдық сезімінің күштілігі мен беріктілігі
соншалықты, тіпті ағасы қаны бір туған бауыры мен аңсары ауған ғашығын өлтіруге дейін
барады. Біржағынан Баян батырды қолдаймын, шыныменде, елі мен кіндік қаны тамған жері
үшін осындай әрекетке барды деп түсінемін. Ал екінші жағын алып қарасақ,
туған інісін
өлтірмеу үшін басқаша бір амал қарастырып, Ноянды өзге елге қашып кетпеуінің алдын
алуға болар ма еді деп ойлаймын...
Қорыта келе,Мағжан атамыздың осы шығарма арқылы бізге жеткізгісі келгені, туған елдің
және отбасы мен жақынның әрқайсысының өз орны бар.
Бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді демекші, жаман қасиеттің алдын алып, алаш қамы үшін соншалықты үлкен
қасіретке баруы, нағыз елге деген адалдық пен патриоттық сезімнің көрінісі. Сонымен қатар,
мен Ноян батырдың бақилық болуын қаламасамда,
оның қыз соңынан еріп, сатқындық
жасауын бәрібірде дұрыс әрекетке баламаймын. Дәл Баяндай батыр бабаларымыздың
арқасында, еліміз ел болып, керегесін берік ұстап, алаш ұрпағы деген мәртебелі атқа лайық
ел болып келе жатырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: