Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№48 Астана – асыл мұраттар мекені



Pdf көрінісі
бет48/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№48 Астана – асыл мұраттар мекені. 
Қазақ жұрты әрдайым жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауырынынан жел өтіп болашақ 
үшін күресумен болған. Оған дәлел біздің қиын да, ұзақ тарих жолымыз. Қатал тағдырдың 
қиыншылығына қарсы тұрған ата-бабамыздың жемісі – Тәуелсіздік күні болатын. Ал Астана 


болса, сол тәуелсіздіктің шоқтығы биік жемісі деп ойлаймын. Астана жылдан-жылға 
көркейіп, жүзіктің көзінен өткендей құлпырып келеді. 
Баянды бақытымның бастауындай, 
Айналдым Астанаға аппақ арман. 
Астана – қилы-қилы армандардың қаласы, жыл сайын мұнда иен тірескен жастар арман 
қуып келеді. Сол армандардың Астанада тоғысуы жай емес, осының өзі бас қаламызды 
тайдың атқан тасындай ерекше қылады. Оған дәлел жақында болып өткен ЕХРО көрмесі, ол 
да бір алысқа құлаш сермескен жанның арманының орындалуы деп ойлаймын. Бұл көрме 
қаламыздың көркіне көрік қосып, одан сайын ажарландырып, тек қана Астананың емес, 
бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналды. 
Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі. Жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы 
да жаңа болуы керек. Астана – Отанымыздың жүрегі. Менің оймыша, Астананы жаңа 
қырларынан көру үшін он жылда бір рет емес, алты айда ел жаңа дейді ғой, жылына бір рет 
келсе де таңдай қағып сүйсінетіні анық. 
Астананың тағы бір ерекшеліктерінің бірі – сән-салтанаты жарасқан зәулім ғимараттары 
мен елордамызды қақ ортасынан бөліп тұрған Есіл өзені. Бас қаламызды екі қанатқа бөліп 
тұрған бұл өзеннің өзі хас сұлудың бұрымындай айрықша әдемі. Ол сұлулықты талай ақын 
өз жырына қосып, таңданысымен бөліседі. Сол өлеңдердің біріне мысалы Б.Ысқақ ақынның 
туындысы бола алады: 
«Есіл ағып барады, нұр жұмылып, 
Жағада тал, терегі ырғатылып.» 
Арманмен астарласқан аспаны, тарихпен біте қайнасқан тағдыры бүгінгі күні Астананы 
басқа қалалардан оқ бойы озат тұруға итермелеп тұрғандай. Шаңырағымыз Астанада 
тіктелсе, керегеміз басқа он үш қала арқылы қаланып тұрғаны сөзсіз. Ендеше, шаңырағымыз 
биік болуы үшін, керегеміз кең болуы үшін аянбай еңбек еткеніміз дұрыс болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет