Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Сұрақтар қою: Жер Күннің маңайында әлде Күн Жердің маңайында айналады ма? Жер Айдың маңайында әлде Ай Жердің маңайында қозғалады ма? Күн мен түннің ұзақтығы үнемі бірдей бола ма? Жылдың ұзақтылығы қанша? Оқушыларды топқа бөлгенде жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді пайдалануға(Қыс-Жаз-Көктем-Күз) болады.
Қайталау сұрақтары
1.Астрономия ғылымының дамуына қандай жағдайлар түрткі болды?
2.Астрономияның негізгі мақсаты қандай ,нені зерттейді?
3.Астрономияның дамуына Орта Азиядан шыққан қандай ғалымдар елеулі үлес қосты?
4.Галелейдің астрономияға қосқан жаңалықтарының басты ерекшелігі не?
5.Қандай ғалымдарды астрономияның негізін салушы деуге болады?
6.Птоломейше Әлем жүйесінің құрылысы қалай?
7.Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің мәнісін қалай түсіндіруге болады?
Жаңа сабақ
(G) Топтарға мынадай тапсырмалар беруге болады: (оқушылар ғаламтордан ақпаратты іздеп жұмыс жасайды) а) 1-ші топқа тапсырма- Күн бетіндегі нүктенің 27 тәулікте бір айналым жасауын көрсету; b) 2-ші топқа тапсырма- Жердің өз осінен 24 сағатта бір айналым жасауын көрсету; с) 3-ші топқа тапсырма- Жердің орбитасы бойымен Күнді айналып қозғалуын көрсету; d) 4-топқа тапсырма: Айдың Жерді айналып қозғалуын көрсету. (W) а) Күн мен Жердің өз остерінен айналуын салыстыру. в) Барлық топтардың бір мезгілде, бір жүйе құрып, өз қозғалыстарын көрсету. (G) Төмендегі сұрақтарды топтар ішінде талқылаңыз: 1. Қай топтың жұмысы қиын болды? Неліктен? 2. Өзің туғаннан бері Жер Күнді қанша рет айналды?
Үйге тапсырма §41 тақырыпты оқу
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
Әр жұп бір тапсырмаға жауап береді, басқа жұп өз тапсырмаларын бағалайды.
Оқушылар кері байланыс береді
|
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5
Формативті бағалай 10 балл
|
ФИЗИКА 7 сынып оқулық
Башарұлы Р. «Дидактикалық материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |