Ширату тапсырмасы. (Ұ) «Венн диаграммасын» толтыру. Үлгі: Ауызекі сөйлеу Жазбаша сөйлеу
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 3.2.4.1 (МК; Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтау. 6-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтап, дəлелдеулер келтіріп, өз ой қорытындыларын жасайды.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Даңғыл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау шығарады.
(Ж) Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау. «Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы.
Жұппен жұмыс.
Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырып жазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.
(Ө) Жұбына жазбаша хат жазу. Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы»стратегиясы бойынша топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мəтіндегі негізгі ойды сақтай отырып, хатты жалғастырып жазу білігін бағалау. 7-жаттығу. Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтін кім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады. Оқушылардың хатты дұрыс жазуына мұғалім тарапынан басшылық жасалады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Хал сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.