Ширату тапсырмасы.
3.4.1.1 (МК; Ө; Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Ф дыбысы туралы білетінін еске түсіру.
24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф əрпі). Жұмбақтың шешуіндегі əріп қай дыбыстың таңбасы екенін анықтайды. Ол дыбыс туралы не білетіндерін айтады.
3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді жаттап, жатқа жазу. Ф əрпі бар сөздерді сауатты жазу.
25-жаттығу. Оқушыларға өлеңді жаттатып, жатқа жазғызылады.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары:
1. Тақтаға/флипчартқа өлеңді жазып қою.
2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Өлеңді жаттау (3-4 минут).
5. Жазған өлеңді тексеру.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.
3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу.
Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді. Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады.
Ф дыбысы бар сөздер айтқызылып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігі байқатылады. Жасаған тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырып, ой қорыту жасайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
3. 1.2. 1 (МК; Ө; Ж; Қ) Мəтінді тыңдау. Мəтінге ат қою.
26-жаттығу. Мəтінді тыңдайды. Мəтіндегі негізгі ой сұрақ- жауап əдісі арқылы анықтатылады Мəтіннің неліктен «Доп ойнаймын деп...» аталғанын жұбымен талқылайды. Мəтінге ат қояды. Себебін айтып, түсіндіреді.
(Ө; Ұ) Мəтінді жалғастырып, қалай аяқталатынын болжау.
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша мəтінді өзі жалғастырып, қалай аяқтайтынын болжайды. Оқулықта берілген қай жауап өзінің болжауына сəйкес келгенін айтып, өз ойымен бөліседі.
(Ө; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.
Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.
Топтық жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес
карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.
«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.
«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.
Дескриптор:
Достарыңызбен бөлісу: |