Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
28 мин.
|
Ширату тапсырмасы.
3.3.7.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Кестедегі сөздерді оқып, өзара
салыстыру.
9-жаттығу. Кестеде берілген сөйлемдерді оқып, оларды өзара салыстырады. Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорыту жасайды. Оларды салыстырып оқиды. Сөйлемдегі қарамен берілген «əрине», «несін айтасың», «меніңше», «мүмкін» сөздеріне назар аудартылады. Бұл сөздің не үшін қолданылып тұрғаны туралы өз ойларымен бөлісіп, дəлелдейді. Ол сөздердің қандай мағына үстеп тұрғаны байқатылады.
(Ұ; Ж; Т; Қ) Тыңдалған мəтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Өз пікірін білдіру.
10-жаттығу. Мəтінді тыңдайды. Мəтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады. Жұппен жұмыс жасайды. Айтысқа қандай жануарлар қатысқанын анықтайды. Жануарлардың нетуралы айтысқанын топта талқылайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту. Мысалы: Ит, сиыр, ат өздерінің қожасы қайсысын жақсы көретінін айтып таласады. Өздерінің жақсы қастиеттерін, адамға тигізетін пайдасын айтып, ортақ шешімге келе алмайды. Содан, интернет арқылы қожаларына қайсысын жақсы көретінін сұрап хат жазады т.с.с.
|