Ширату тапсырмасы. 3.3.7.1 (Ө; Қ) Кестедегі сөздерді салыстыру. Мазмұны мен тыныс белгілеріне назар аудару. Сөйлемдерді салыстыру. 1-жаттығу. Кестеде берілген сөйлемдерді оқып, олардың мазмұны мен тыныс белгілеріне назар аудартылады. Оларды салыстырып оқиды. «Арайлым», «əже», «қызым» қаратпа сөздерін басқа балама сөздермен («Арайлым-ау», «қызым-ау» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолдануға жаттығып көреді. Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорыту жасайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 3.2.4.1 (Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою. Мəтін мазмұны бойынша жоспар құру.
2-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтінде не туралы айтылғанын анықтайды. Мəтінге ат қояды. Мəтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқиды. Оған өз ойын білдіреді. Мəтіндегі қарамен жазылған «Балам-ау» сөзіне назар аудартылады. Бұл сөздің не үшін қолданылып тұрғаны туралы өз ойларымен бөлісіп, дəлелдейді. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой қорытындыларымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Дің сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(Т; Қ) Берілген тақырып бойынша қойылым дайындау. Оқушылар топтарға бөлінеді. Ұсынылған тақырып бойынша
топта жақсылық жасаудың мазмұнын ашатын сахналық
қойылым дайындап, топта жариялайды.
1. Автобуста
2. Қарт ата
3. Жаңбырлы күн
4. Ініге қамқорлық
5. Мысық
3.3.7.1 (Ө; Қ) Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Мəтінді көшіріп жазу. Қаратпа сөздерді тауып, астын
сызу. 3-жаттығу. Мəтін тиісті дауыс ырғағымен оқытылады. Қаратпа сөздерді тауып, дəлелдейді. Мəтінді көшіріп жазып, қаратпа сөздердің астын сызады. Қаратпа сөздердің тыныс
белгілеріне назар аудартылады. Үтірдің не үшін қолданылып тұрғаны туралы өз ойларымен бөлісіп, дəлелдейді. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой қорытындыларымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі
Дескриптор: Қаратпа сөздерді анықтай алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады