Науқас П.,53жаста,дәрігерге 20қазанда әлсіздікке,оң жақ қабырға астынадғы ауырлық сезіміне,тәбеттің төмендеуіне,зәрдің түсінің өзгеруіне ,терінің аздаған қышуына шағымданды.
Ауыруы қазан айының басында бірте-бірте сосын қатты ауырып,жұмыс күнінен кейін шаршау пайда болды. Содан кейін тәбеттің төмендеуі, терінің аздаған қышуы зәрдің түсінің қоюланғаны байқала бастады. Обьективті:орташа ауырлық жағдайы,біркелкі сызаттармен терінің орташа сарғаюы. Өкпеде патологиясыз,Пульс 60соққы/мин., АҚ 130/80 мм.сын.бағ. Тілі қапталған ,іші жұмсақ,бауыр қабырға доғасының шетінен 3см, оның жұмсақ шеті консистенциясы тегіс, пальпация кезінде сәл ауырады. Көк бауырға пальпация жасау мүмкін болмады. Зәр қара қоңыр түсті,нәжіс түссіз. Санасы анық. Эпиданамнез:2ай бұрын стоматологта ұзақ емделді. Вирусты гепатитке күдікті ауруханаға жатқызылды. Стационарда:
бауыр сынамаларын зерттеу кезінде мынадай көрсеткіштер анықталды:жалпы билирубин -184мкмоль/л,тікелей -136мкмоль/л;АлАТ -3,6ммоль/сағ/л,тимол сынамасы -4 бірлік,холестерин -9,5ммоль/л. ПТИ -80%. Қанның серологиялық зерттеуінде :HBSAg.HBE Ag.,анти-HBcorlg M анықталды.
Бұл науқасқа қойылатын диагноз:
Вирустық гепатиттің В ықтимал белгілері бар науқас болып табылады. Диагнозды болжауға болады жедел вирустық гепатит бауырдың қатты зақымдануы
Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:
1. күн тәртібі;
2. диета №5;
3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем;
4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. Егер де холестаз белгілерінің айқын түрінде болған жағдайда урсодеоксихолий қышқылы (уросан, урсофальк) тағайындалады.