Бұл өмірде болған екен Айсұлу мен Күнсұлу Әр күн сайын жүздерінен шашады екен нұр сұлу



Дата17.10.2022
өлшемі15,49 Kb.
#153403
Байланысты:
ай күн

Бұл өмірде болған екен Айсұлу мен Күнсұлу


Әр күн сайын жүздерінен шашады екен нұр сұлу
Бақытты шақ жүріп жатты
Ойнап күліп шаттанып
Бір біріне қызығады
Бір біріне нұрланып
Албыртады ажарланып
Қор қызындай жүздері

Кенет екеуінің көзі алдарында тұрған айнаға түсіп кетеді.


Айсұлу: Ой , мен неткен әдемімін,қарашы ,қарашы Күнсұлу дейді.
Айнаға Күнсұлу да қарайды.
-Жоқ ,Айсұлу, мен әдемі сияқтымын!
-Жоқ мен,әдемімін, сұлумын!,
-Жоқ мен сұлумын,мен әдемімін!

Тырналды Айсұлудың беті- дақты
Көрместей Күнсұлуды теріс қақты
Масаттанып сұлулыққа тәкаппарлап
Күнсұлу болса дағы шаттық атты

Бұртиды бір біріне қырын қарай
Көмпеше күнге күйген көң сияқты

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса ол ұғына түседі
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.


Күнсұлу:Ашумен жасаған қиянатым жүрегіме батып тұрғанын қарашы.
Кешірім сұрағым ақ келеді бірақ.......

Маржан іздеп терең теңіз түбінен.


Күн батарда атар таңға үңілем,
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы жанға айналармын түбі мен!
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қуанса шығарады ол естен
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын..


Айсұлу: Күнсұлуды қатты сағынып тұрмын,барып бір құшақтасам ғой шіркін.
Жаңа -жаңа мен ұғына бастады.
Бауыр деген қымбат екен достарым,
Бауыр -менің жарқылдаған аспаным,
Бауыр- менің сарқылмайтын дастаным.

Автор:
Өткізген талай кешті думандатып, 
Жүргендер күнді ұмытып, көкірегіне 
Алады қара түнді ұялатып, 
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет 
Кешірімді, кең пейілді болу міндет 
Таң ертең ояна сап күнге қара 
Амандас, аманыңа шүкірлік ет 

Күн мен айдың бір біріне қандай қатты реніші болса да


Наурыздың 22-сі күні күн мен түн теңеледі.
Олар бір біріне бәрібір қимастықпен қарайды екен.
Ренжу деген,
Ренжу деген - білместік.
Ренжу деген күндестік

Кешіріңдер,туыстар, 


Кешіріңдер,ағайын. 
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың...

Жауымыз досқа айналса – сол ғанибет!
Сонымен солай қалса – абырой, құрмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет