9-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Монитор (Дисплей)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру.
2.Меңзер ұғымын енгізу.
3. Пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.
Білім және білікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс;
-Компьютердің құрауыштарын.
-монитормен жұмыс істеуді.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
-компьютермен жұмыс жасауды.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырып
Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы.Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды.
Монитор
Дисплей –компьютердің «тілі», ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Монитор түрлі түсті немесе монохромды(қара-ақ түсті)болуы мүмкін.Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады.Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |