Бұл құрал информатика сабағын оқушылар үшін қызықты және түрлендіре өткізуге жәрдемдеседі



бет1/33
Дата30.01.2022
өлшемі7 Mb.
#116270
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Авторлық бағдарлама 5 сынып


1
Алғы сөз
Бұл құрал информатика сабағын оқушылар үшін қызықты және түрлендіре өткізуге жәрдемдеседі.

5-сыныпқа арналған «Информатика негіздері» таңдау курсы келесі мәселелерді қамтиды:

-таңдау курсының бағдарламасы 34 сағатқа есептелген (аптасына 1 сағ)

-тақырыптық үлгі жоспар;

-күнтізбелік тақырыптық үлгі жоспар;

-сабақ жоспары;

-білім сапасын тексеруге арналған бақылау жұмыстары.

-оқушының күнделігі

-дидактикалық материалдар жинағы

Бұл әдістемелік құралда өткізілетін әр сабақтың үлгі схемасы келтірілген, сабақ тақырыбы бойынша теориялық материал берілген, практикум бойынша теориялық материал берілген, практикум бойынша оқушылар күнделігінде тапсырмалар берілген.

Бағдарлама сыныптағы және таңдау сабақтарындағы ұйымдастыруды, ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастырып, 6- сыныпқа барғанда материалды тереңірек түсіндіруге жағдай жасайды.

2



3



4



5

5 сынып



Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау

Сабақтар

Тақырыптар мазмұны

Сағат саны

Күні

1

Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері.

1




2

Нысан ұғымын қайталау

1




3

Нысандар жиыны

1




4

Нысандар жиыны

1




5

Ақпарат

1




6

Ақпараттарды кодтау

1




7

Компьютермен танысу.

1




8

Пернетақтамен танысу

1




9

Монитор

1




10

Пернетақта

1




11

№1 бақылау жұмысы

1




12

Windows 98-дің операциялық жүйесі

1




13

Paint графикалық редакторын іске қосу.

1




14

Paint графикалық редакторының құралдары.

1




15

Paint графикалық редакторының құралдары.Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.Төртбұрыштар мен шаршылар салу.Эллипс мен шеңберлер салу.

1




16

Paint графикалық редакторының құралдары.Қисық сызық, көпбұрыштар салу.Құю құралын қолдану

1




17

Paint графикалық редакторы.Суреттерді сақтау

1




18

Paint графикалық редакторы.Суреттерді ашу

1




19

Paint графикалық редакторы. «Жазу» құралы

1




20

Paint графикалық редакторы.Үзінділермен орындалатын әрекеттер.Үзіндіні көшіру мен жылжыту.

1




21

Paint графикалық редакторы.Үзінділермен орындалатын әрекеттер. Үзіндіні өшіру және жою

1




22

Paint графикалық редакторы. Нысанды бұру

1




23

Paint графикалық редакторы.Нысанды қиып алу және қою

1




24

№1 бақылау жұмысы

1




25

Windows 98-дің WordPad мәтіндік редакторы.

1




26

Windows 98-дің WordPad мәтіндік редакторының

батырмалары.



1




27

Windows 98-дің Блокнот қолданбасымен танысу.

1




28

Калькулятор бағдарламасы.

1




29

Алгоритмдер.

1




30

Алгоритмдер.

1




31

Компакт-дискілердегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу

1




32

Компакт-дискілердегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу

1




33

Қайталау







34

Қайталау тест

1






1-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері.

Сабақтың мақсаты:

1.Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен көздің шаршағандығын қалпына келтіретін жаттығуларды қайталау.

2.Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.

3. «Ақпарат және оның түрлері» тақырыбын қайталау және еске түсіру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.



Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;

  • Техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін білуі.

  • ақпараттың не екенін,ақпараттың қасиеттерін;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

  • адам іс-әрекетінің,тірі табиғаттың және техниканың әр түрлі саласындағы ақпарат пен ақпараттық процестерге мысал келтіруді;

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.



ІІІ.Жаңа тақырып

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1)Жалпы; 2)дербес пайдаланылатын компьютерде жұмыс істеу алдындағы; 3)жұмыс кезіндегі; 4)апатты (төтенше) жағдайлардағы; 5) жұмыс аяқталғандағы.


ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

1.Кабинетке таза және құрғақ киіммен кіру.

2.Жұмысты мұғалімнің қажеттілігімен орындау қажет

3.Күйген иіс немесе түтін шыққан жағдайда

а)жұмысты тез арада тоқтату

ә)компьютердің жанында авария кнопкасын басу керек

б)болған жағдайды мұғалімге немесе лаборантқа айту
Информатика кабинетінде мыналарға қатаң тыйым салынады:

1.Кабельдің қосылған орнына тиуге болмайды

2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға монитор мен пернетақтаның артына тиуге болмайды.

3.Оқытушының рұқсатынсызқұрылғыларды тоқ көзіне қосуға,үзуге болмайды.

4.Кітап,дәптер тағы басқа заттарды монитордың,пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5.Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге болмайды.


Жұмыс атқару тәртібі
1.Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет.

2.Дисплей алдында 20 минут отырғаннан соң, міндетті түрде 5 минут демалу қажет.


Тапсырмалар:

1.Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері.

2.Көздің шаршағандығын қалпына келтіретін жаттығулар.

3.Жұмыс орнын ұйымдастыру.



2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Нысан ұғымын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1. «Нысан» туралы ұғымды қалыптастыру.

2.Нысанның белгілері және олармен жұмыс жасау әрекеттерін қайталау.

3. Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.

4.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру.

Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет