Бұл құрал информатика сабағын оқушылар үшін қызықты және түрлендіре өткізуге жәрдемдеседі



бет3/33
Дата30.01.2022
өлшемі7 Mb.
#116270
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Авторлық бағдарлама 5 сынып

Сабақтың тақырыбы:Нысандар жиыны

Сабақтың мақсаты:

1. «Нысандар жиыны» тақырыбын қорытындылау және оны бекіту.

2. «Ортақ» және «біріккен» жиындар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;

-нысандарды белгілеріне қарай ажырата білуі



Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

-нысандармен жұмыс жасау әрекеттерін

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.



ІІІ.Жаңа тақырып

Нысандармен жұмыс жасаудың көптеген іс-әрекеттері түсінікті, мысалы, доп секіреді, машина жүреді, қоңырау шырылдайды, гүлдер өседі, кітаптар оқылады.

Ұшақ,компьютер, көтерме кран, қарға, мысық, тышқан,қалам, қарындаш, қаламұш, фонтан, мұғалім, оқушы қандай іс-әрекеттерді орындауы мүмкін?

Тапсырмалар:

1.Мына нысандар қандай әрекеттерді орындауы мүмкін?

Қарындаш (сурет салу)

Машина (жолда жүру)

Компьютер (ақпаратты сақтау)

Сағат (уақытты көрсету)

Гүл (гүлдену)

Доп (секіру)

2.Мына нысандарды қолдану арқылы қандай әрекеттер орындауға болады?

Кітап (оқуға болады)

Гүл (суару керек)

Балта (ағаш жаруға болады)

Алма (жеуге болады)

Күрек (жер қазылады)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет