«Бұлшықет корсетін дене шынықтыру көмегімен дамытуға ықпал ету»



Дата30.10.2022
өлшемі15,51 Kb.
#155746
Байланысты:
Дш 19


«Бұлшықет корсетін дене шынықтыру көмегімен дамытуға ықпал ету»
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты ьолмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек. [1] а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет