Блум ойлау қабілеті таксономиясы (әрекет етістіктері)



Дата01.04.2017
өлшемі13,91 Kb.
#13139

Блум ойлау қабілеті таксономиясы (әрекет етістіктері)

  • www.themegallery.com

Әр педагог сабаққа кірерде,

  • алдына қандай нақты мақсаттар мен міндеттер қояды?
  • Олар өз ара байланысты ма?
  • Және қойылған мақсаттарға оқушылар жетті ме, жоқ па,
  • жоқ па, оны қалай тексеруге болады?

Бенджамин Блум

  • – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия -

  • ( грек. taxis – орналасу, жүйе, тәртіп және homos- заң). белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы

  • адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.

Блум таксономиясы

  • 2) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
  • 3) Талдау;
  • 4) Қолдану;
  • 5) Түсіну;
  • 6) Білім.
  • 1) Бағалау;

І. Білу.

  • Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

ІІ Түсіну.

  • Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
  • Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
  • Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
  • Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
  • Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

ІІІ Талдау

  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
  • Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

IV Қолдану.

  • Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
  • Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

V Синтез (жинақтау, жүйелеу).

  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
  • Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

VI Бағалау

  • Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
  • Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Деңгейлерді орындау Білу,Түсіну, Қолдану, Талдау – «3»

  • Деңгейлерді орындау Білу,Түсіну, Қолдану, Талдау – «3»
  • Синтез деңгейіне жету – “4”
  • Деңгейлердің барлық тапсырмаларын орындау – “5”

Оқыту мақсаттары

  • Синтез
  • Талдау
  • Қолдану
  • Түсіну
  • Білім
  • Бағалау

Деңгей

  • Әрекет етістіктері

Жамбыл Жабаев “Ленинградтық өренім”

  • І 1 топ – Жамбыл Жабаев шығармашылығы туралы айтып беріңдер.
  • 2 топ – Павлодар облысынан шыққан Кеңес Одағының батыры атағын алған жауынгерлер туралы айтып беріңдер.
  • 3 топ – Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград блокадасы туралы мәлімет айтып беріңдер.
  • ІІ 1 топ – Өлеңде Ленинград қаласы қалай суреттелген?
  • 2 топ – Ақын өлеңде жауды қалай суреттейді?
  • 3 топ – Өлеңнің басты ойы қандай?
  • ІІІ Берілген өлеңді иллюстрациялаңдар.
  • ІҮ 1 топ – Осы өлеңнен эпитеттерді теріп жазыңдар.
  • 2 топ – Өлең мәтінінен теңеулерді теріп жазыңдар.
  • 3 топ - Қандай сөздер арқылы ақынның Ленинград қаласы мен оның тұрғындарына көзқарасы көрінеді?
  • Ү Павлодар қаласына арнап, Жамбыл қандай өлең жазушы еді?
  • ҮІ «Ленинградцы, дети мои!» өлеңін оқып, бағалаңдар.

Шоқан Уәлиханов

  • Ш.Уәлиханов қай жерлерге саяхатқа барғанын атап өтіңіз.
  • Оқулықты қолданып, Шоқан қандай ұлы адамдармен дос болғанын жазып беріңіз.
  • Шоқанның қазақ ғылымына қосқан үлесін бағалаңыз.
  • Шоқан туралы ұлы адамдар жазғанын жинақтаңыз.
  • Шоқанның қандай кітабын таныстарыңа оқытқызасын? Неге?
  • 5 жол өлең жаз

Шоқан Уәлиханов

  • Мәтінде қандай географиялық атаулар кездеседі?
  • Қашқария табиғи байлықтары туралы айтып беріңдер.
  • Шоқанның мақаласына сүйеніп, Қашқарияның картасын салып көріңіз.
  • Павлодар облысының географиялық жағдайын қалай бағалайсыз.
  • Бұл мақалада Шоқан Қашқария туралы қандай мәлімет береді, жинақтаңыз.
  • Осы кітапқа қандай жарнама бересіз?

Қасым Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз”

  • 1. Поэмада қандай соғыс туралы айтылғаны жайлы айтып беріңдер.
  • 2. Соғысты қандай сөздер арқылы ақын суреттейді?
  • 3. Мәтіннен синоним сөздерді, теңеулерді теріп жазыңдар. Ақын оларды не үшін қолданғанын түсіндіріңдер.
  • 4. Бас кейіпкердің образын бағалаңыз.
  • 5. Поэма бойынша жоспар құрыңдар.
  • 6. Поэманың негізгі ойы ретінде қандай жолдарын алушы едіңдер. Түсіндіріңдер.

Қадыр Мырза Әли

  • І Қадыр Мырза Әлидың шығармаларын атаңдар.
  • ІІ 1 топ – шығармашылығы
  • 2 топ – поэмалары
  • 3 топ – өлеңдері
  • ІІІ 1 топ – “Арман” деген өлеңіне иллюстрация жасап, түсіндіру.
  • 2 топ – “Қазақ осы” деген өлеңіне иллюстрация жасап,түсіндіру.
  • 3 топ – “Махаббат” деген өлеңіне иллюстрация жасап,түсіндіру.
  • ІҮ Берілген өлеңді рецензиялау
  • Ү Берілген өлең бойынша ақын Қадыр Мырзалиевке жауап ойлап жазыңдар.
  • ҮІ Қадыр Мырза Әли шығармашылығы немен ерекшеленетінін айтып беріңдер.

“Қадыр аға, Сіз жазғандай домбыра

  • “Қадыр аға, Сіз жазғандай домбыра
  • Тапты жүрек осы ғасыр жастарда.
  • Сіз айтқандай тыңдадық біз
  • Домбыраның әр үнін.
  • Оятты ол ұлы дала сезімін
  • Құртылған ғасыр жалған сөздермен
  • Тәуелсіздік алынды сол үнменен,
  • Тек мәңгілік шалқысын бір домбыра”

Каталог: uploads -> doc -> 0b96
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b96 -> Ильясова Гүлжан Айдарбекқызы
0b96 -> Қапбасова Ғалия Жамсатовна Қазақ тілі мұғалімі
0b96 -> Мазмұны: I. Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет