Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы



Дата27.08.2017
өлшемі169,64 Kb.
#29857
Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы

Смагулова Марал Елтайқызы

№ 5 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:


  1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.(топтау,бақылау, қалыптастыру)

  2. Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру

  3. Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату

  4. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, саабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,

оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.

Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.

Блум таксономиясы” кестесі

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері

Түсінік

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ/талдау/, синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

Жаңа буын «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары – қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі.Білім негізі бастауышта демекші, білімнің мызғымас іргетасын қалау – бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты.Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады.Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі-мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек.Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды.Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады.

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» А. Байтұрсұнов.

лум таксономиясы – жеке

тұлға шығармашылығын

дамытушы әдіс

Блум таксономиясы негізінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. Блум таксономиясы деген не?

«Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылым:

  • шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу;


  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту.


  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.


Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады.

1. Білім

2. Түсіну

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау (синтез)

6. Бағалау.


Қазіргі уақытта мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапты міндет – оқушыға тиянақты білім беру. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше.

Осы оқыту негізінде қолданатын оқыту формалары топтық, топтық – жеке, жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар, т.б. қолдану оқытудың міндеті мен шарты болып табылады.

Күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға туғызу.

Бұл әдістеме оқушылардың креативтілігін дамыту мәселесін шешуге жол ашады. Е.Торрекс бойынша креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік.

Д. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» деп қарастырады. Блум таксономиясы қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттері қалыптасатыны анықталып тұр, белгілері мынадай:

- тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік;

- талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу;

- ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі;

- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салат, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

Блум таксономиясы «интерактивтік – педагогикалық әрекет» ұғымын іске асыруға жүзеге асырушы болып табылады.


ИПӘ пәні – білім беру мен тәрбиелеу саласының теориясы мен тәжірибесінде кіріктірілген үрдістерді ұйымдастыру, өткізу және басқару, ИПӘ мақсаты – тұлғаның барлық салаларында руханиятты когнитивті, аффективті (эмоционалды –құндылықты), психомоторлық жаңа сапалық интегративті қасиеттерді қалыптастыру.

Тіл дамыту үрдісі ең алдымен, шығармашылық бағыттағы әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. В.Монахов технологиясының басты мақсаты – оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру болып табылады. Білімді толық меңгерту технологиясы оқушының білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтерілумен түсіндіріледі;

Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды. [ 13, 61]

Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей:

1 – кесте Блум таксономиясы

Мақсаттар жүйесі

Мақсаттар жүйесі


Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті


Білім

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсінік

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Анализ

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Синтез

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Баға(сыни өзіндік пікір)


Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.



Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Ғалым әдіс тәсілдерді когнитивті іс - әрекетіне байланысты өнімді - өнімсіз деңгей деп бөледі. Оны жоғарыдағы кестеден де көруге болады.

• Білім Оқушылар мұғалім·

• Түсінік өнімсіз деңгей Өздерінің белсенділігі төмен.

• Қолдану

• Анализ Өнімді деңгей, яғни, шығармашылық деңгей

• Синтез Білім алу оқушыны өз іс - әрекеті белсенділігімен

жүзеге асады.

• Баға

Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді.



Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.

^ Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»

7 сынып Әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) Біздің жауынгерлердің, қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігін, Отан үшін жанқиярлық шайқасын бейнелеудегі жазушының шеберлігін ұғындыру.

ә) Отан, ел, ерлік жайындағы ойларын, пікірлерін айтқызу, жазғызу арқылы шығармашылығын, танымдық әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру.

б) Ұлы Отан соғысы әкелген қайғы – мұңды, ел тарихын оқыта отырып, ата – баба ерлігін жалғастырар ұрпаққа өнеге тәрбие беру.




^ Сабақтың түрі: Талдау сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО (Блум).

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, итерактивті тақта, маркер, қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Тарих

^ Сабақ барысы:

Үй тапсырмасын бақылау және жинақтау. (12мин.)

І топ: Жазушының өмірбаяны туралы (слайд)

ІІ топ: Шығарма композициялық сюжеті( слайд)

ІІІ топ: Шығармадағы жауынгерлер портреттеріне слайд.

Портрет жазуда жазушының айшықтау әдісін көрсету.

^ Жаңа сабақ: «Окоп үстіндегі айқас» мәтінін талдау мақсатында

Блум таксономиясын қолдану


Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өту барысы


Оқушы жұмысы


Сабақтың әдісі


Білім

Ұйымдастыру кезеңі,ойлану

Жазушы қандай мәселені көтереді?


Топтық жұмысқа оқушылар дайындығы.


Ой – пікір, ой түзу


Түсіну

Жазушы ойының идеясына, ішкі мағынасына зер салдырту

Жазушы шығармасының негізгі идеясы неде?


Жеке жұмыс.


Ой – толғау

Оқушы ой пайымын туғызу.

Қолдану

Ерекше ұнаған жері туралы ой бөлісу

Шығармадан өзіңе қатты әсер етті жерін ата.

Жазушы ойымен үндес оның әріптестерін білесіздер ме?

Жеке жұмыс.


Өрнекті ойды ою.

Даралық ой туғызу

Жеке тұлға пікірі


Талдау

Салыстыру

Егер оның сондай әсер еткен жері өзге жазушы шығармаларында білсең, салыстыр. Венн диаграммасын толтыру.


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Анализ. Синтез. Қорыту.


Жинақтау (синтез.)


Алған білімді жинақтау


Эссе кезеңі.

1.Т. Ахтановқа

ХХІ ғасыр перзентінен хат

2.Мен – соғыс қаруы гранатпын.

3.Батырларын жоқтаған жер – ана.


Жеке жұмыс


Жазу ойы- талпынысы Шабытты туғызу


Бағалау

Сабақ барысында

оқушы көзқарасы


Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі.


Жеке жұмыс


Қорыту


Ойтүйін

ІІ. Оқушылар жұмысы.

7 «а» сынып оқушысы: Нұрпейісова Назерке

А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

I. Түсіну: Жазушы ақынның реалист екенін қалай дәлелдейді.

II. Қолдану: Ақын стилінің өзгешілігі неде? Ой дәлелдемеңді келтір. Өлең құрастыр.

III. Талдау: Ақын өлеңінің композициясының тұтастығын жазушы қандай айғақ дәлелмен баяндайды.

IV. Топтау: ақын өлеңінен Ақынның шынайы ерекше тұлғасы сомдалып тұр ма? Өз ойыңды қорытынды пайымдаумен жеткіз.

1) М.Әуезов Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін реалистік бағытта жазғанын баяндайды.

2) Арнау


Абай ақынымыз бар еді,

Өзгешілігі көп те еді,

Басқа ақындарға қарағанда

Реалист адам еді.

Асқар таумен шектелмей,

Қара аспан тауларына барады

Өзі салған суреттей

Өлең шығарып айтады.

3) М.Әуезов өлеңінің композициясын қара сөзбен айта отырып, аңшының киген киімін, түлкінің іздерін қалай тапқанын, аңшының қасында тату досы бар екенін, олардың барлығы да аңшылыққа керектігін және Абайдың осы өнерде дәл айтқаны туралы жазады.

4) Абайдың өлең жазудағы ерекшеліктерін жай сөзбен айтпай, терең қазады. Абай баршаға ортақ. Абай арқылы бүкіл әлемге қазақты танытқан М.Әуезов.

Ахмет Байтұрсынов Ақын ініме

7 «а» сынып оқушысы: Манарбай Абай.


1) Түсіну: Әке жолын көріп өсіп өзі де әке тағдырын қайталауының себебі неде? Анасына жазған хат – мәтіні ақын ойын жеткізуде ұшқырлығы неде?

2) Қолдану: Ақын ағартушылық жолды таңдап алуының себебі не? Оның өлеңдерінің идеясы сізді қандай пікірге жетектейді?

3) Талдау: «Маса» жинағының қоғамда алар әлеуметтік маңызы қандай еді?


1) Ақынның білім алудағы түпкі мақсаты – біліммен елін, халқын жақсылыққа, шат өмірге жеткізу, көкірек көзін ояту.

3) Ақын ел патриоты

Ақын С.Торайғыровты ел патриоты деуге болады. Қысқа өмір сүрді, ол өмірінің өзі қиыншылықта, тапшылықта, жоқшылықта өтсе де, ақын білімге құштар көңілмен, оқуға деген ынта сезіммен, жақсылыққа сеніммен ғұмыр кешті. Оның өлеңдерінде саяси лирика мен табиғат лирикасы көп орын алады. Біз оның біз үшін жазған өлеңін және өзін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Ж.Аймауытұлы Әнші

1) Жазушы қандай мәселе көтереді?

2) Жазушы шығармашылығындағы идеясын табу?

3) Жазушы баяндауынан әнші Әмірқан тағдыры қалай әсер етті.

1) «Әнші» әңгімесінде жазушы Әмірқанның өнерлігін ғана жазбай, оның тағдырын, жан – дүниесін, көңіл – күйін анық суреттейді.

2) Әңгіменің негізгі идеясы – қазақ елінің атақты адамдарын және олардың халқы үшін жасаған еңбектерін ұмытпау.

3) Әмірқанның тағдыры, өмірі маған қатты әсер етті. Әмірқанның өмірге берілгені сонша басқа жұмыстарға ебі жоқтығынан дара өнер иесін таныдым. Оның тағы бір ерекшелігі әнді күн көрістің есебінде кәсіп етпеуі, өнерді таза ұстауы адами қасиеттің ең жоғарғы шегі болып табылады. Ақын өнері мәңгі өшпес ел мұрасы.

^

Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» 7 «ә» Тоғаев Әлібек.


1) Жазушы қандай мәселені көтереді?

2) Идеясы неде?

3) Жазушы ойы саған қалай әсер етті?

4) ЭССЕ кезеңі

1) «Өлімнен ұят күшті»

2) «Ұрпаққа аманат»

3) «Жастар - өмір болашағы»

4) Жазушы мен жас «патриоты»

«Ұрпаққа аманат»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бұрынғы Целиноград қаласы қазақ республикасының Астанасы болды. Астана – жас қала келешегі алда, әлі де көркейе береді. Мұнда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Барлық халық қаланың өсіп, көркем болуына ат салысты. Еліміз ел ішіндегі бірліктің арқасында тату, достықта, тыныштықта өмір сүруде. Осы үрдісті сақтау, жалғастыру, ел экономикасын дамыту, дағдарыстан шығу жолдарын іздеу жас ұрпаққа аманат.

Қ.Ысқақ. «Қоңыр күз еді»

7 «а» сынып оқушысы: Сапарова Әсел.

1) Жазушы қандай мәселені көтерді?

2) Жазушы шығармасының идеясы?

3) Жазушы ойы саған қалай әсер етті? Жазушының осы тақырыпта қалам тартуына қай жазушының шығармасы арқау болды?

4) ЭССЕ кезеңі «Оқу іздеген талмас», «Ұстазы жақсының шәкірті жақсы», «Кітап оқу - арман болашағы»

Оқу іздеген – талмас

Оқу – білім іздеу туғаннан бастап, қартайғанға дейін жалғасады. Кейбір оқушылар білімді мектеп бітіру үшін, баға үшін оқиды. Кітаптың парағы баға жетпес асыл қазына. Көркем шығарма адамға өмірді танытып, адамды тәрбиелейді. Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймай, адамның өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Өмірдің әр бейнесінде де шалдықпайтын, зорықпайтын адам білімді адам. Халық осылай бір ауыз сөзге сыйғызған:

«Оқу іздеген – талмас».


М.Әуезов «Көксерек» композициялық құрылысын талдау.


Тақырып

Идея

Сюжет

Шығарма оқиғасын суреттеуде әдіс тәсіл

Жазушы аң мен адамның психологиясын қалай айқындайды


Көксеректің мінез – құлқы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері


Адамдардың табиғат заңын бұзбау керектігі


Қасқырлар мекені. Қаталдық. Адамдар және көксерек. Құрмаштың қазасы


Баяндау, диалог, портрет, суреттеу


Адамның жан – дүниесін аңға қарағанда бай, адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болады. Аң болса адамға қарағанда тағы – тағылықты шынайы суреттейді.



Адам мен аң табиғат болмысы

Адамның нәзік болмысы аңдардікімен салыстырғанда жоғары жетілген.

Ол туралы А.Құнанбаев жетінші қара сөзінде былай деп білдіреді:

«Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көріп жаратқан». Адам өзінің нәзік болмысын еңбекке талпынып іздену арқылы жетілдіре алады. Бұл мүмкіндік адамның хайуаннаттардан тағы бір артықшылығын көрсетеді. Хайуанаттар да оларды сезімдері басқарып, соларға тәуелді болады. Адамдарда олардың қалау – ниеттерін өздері басқаруы тиіс. Бірақ бұл адамдарда бірдей емес. Адам адамдық келбетін асқақтата білу де қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Ә.Тәжібаев «Сырдария»


7 ә Махамбетәлі Ақтолқын

Туған ел,туған жер

Туған елім,туған жерім,


Сүйіп өтем мәңгі сені.


Туған елім,туған жерім


Тілім, дінім осында.


Ешкімді де сатпаймын


Тек тілімді сақтаймын.


Сабақ талдауы: Жоғарыда өткізілген сабақтар топтамасының артықшылығы оқушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді.Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасаған.Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс-әрекеті басымырақ.Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген,өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған.Оқушы қауымы шығарма мазмұнын мазмұндаумен шектеліп келсе,қазіргі сабақтарда оқушының жеке пікірі негізге алынады.Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс-әрекеті мен жүзеге асып жатыр.Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден,жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі.Жалпылау ойлаудан,жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды.

Қорытынды:Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын,қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді,таным белсенділіктерін арттырады.

- оқушылардың көркем тілдері дамиды.

-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады.Білім деңгейлері анализ,синтезге дейін көтеріледі,өнімді білім беруі үрдісі жүреді.

-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.

-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.

-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді.

-оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,білімдерін жан-жақты толықтыруға түрткі болады.

Ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1)Қ.М. № 9 2009 жыл.28 бет

2)Қ.Ө.Бітібаева.Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары 120—121 беттер.

Түйін:Блум таксаномиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс туралы ғылыми- теориялық сипаттама.




Сабақтың тақырыбы:

«Ұр, тоқпақ» ертегісі

Сілтеме:

 Жоспар

Мақсаты:

Оқушыларға «Ұр тоқпақ» ертегісінің мазмұнын меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасату.

Сабақ міндеттері:

1.Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ-
арқылы анықтау;

2.Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу


мәдениетін  дамыту;

3.Адамгершілік тәрбие беру;



Сабақ қадамдары:

1.Жаңа сабақты игеру;

2.Тұжырымды ой айту;



Күтілетін нәтиже:

1.Ойларын жетік жеткізе біледі;

2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды;

3.Түйінді ой қорытынды жасайды;


Тапсырмалар:

1.Венн диаграмма, топтастыру әдістері; диалогтіктәсіл

Түйінді идея:

Нақты ойлау арқылы ой қорыту;

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі:

Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;

Көрнекілігі:




Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ.Үй тапсырмасы;

III.Жаңа сабақ;

IY. Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар;

Ү. Рефлексия.

Yi.  Үйге тапсырма

 

 




1. «Ертегілер әлеміне» тұсаукесеріне шолу жасау.

2.«Сұрағыма жауап».

5.Жаңа сабақ.

«Ертегі» сөзіне ассоциация құру

 

Жаңа сабақты (видеофильм)



6. Блум таксономиясы бойынша білімдерін бақылау;

І. Білу. «Миға шабуыл» әдісі .

1. Таллом дегеніміз не?

2.Балдырлар жасушасындағы хлоропластар  қалай аталады?

3.Балдырлар жасушасының құрылысы қандай?

4.Гамета деп нені атайды?

5.Балдырларды топтастырыңдар.

 

ІІ. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы

1. Оқығаннан қандай ой түйдіңіз?

2. Балдырларлың негізгі ерекшеліктері қандай?

3. Ғарыш кемелерінде оттегі бөлетін хлорелла балдырын өсірсе қалай болар еді?

4. Балдырларды тамаққа пайдалануға болады ма?

5 .Топтардың бір-біріне сұрақтары.



ІІІ. Қолдану. 1. Жіп тәрізді балдырлардың табиғатта,шаруашылықта қандай маңызы бар?

2.Қағаз алу өндірісінде пайдаланатын теңіз балдырын атаңдар?

3.Не себепті егістіктерден шыққан лас сулардан балдырлар жойылып кетеді?

4.Балдырларды микроскоппен қарап зерттеңіз.

5.Топтардың бір-біріне сұрақтары (Әр топта тақырып мазмұнына байланысты түрлі
суреттер салу)


ІҮ.Талдау 1.Біржасушалы, көпжасушалы және теңіз балдырларының ерекшеліктерін сипаттау «топтастыру» стратегиясы

Дарынды:Балдырлар жылдам көбейеді, бірақ табиғатта тепе-теңдік сақталады себебін түсіндіру,.

Орташа: Балдырлардың көбеюіндеі ерекшеліктерді баяндау;

Баяу: Электронды оқулықтағы зертханалық жұмысты орындау;

2. Хламидомонада мен хлорелла Венн диограммасы арқылы салыстыру;

3.  Улотрикс пен спирогира Венн диограммасы;

4.  Теңіз балдырлары «Топтастыру» стратегиясы

Ү. Жинақтау. «» тақырыбында эссе жазу;

ҮІ. Оқып үйрену нәтижелері:

1.Білдім:                         2. Түсіндім:                         3. Жасай аламын:



Қорытынды: «Нақты жауап» айдары; ертегілер жөнінде түйінді идея. (бір-бір сөйлемнен айту)

Кері байланыс: 1. Маған сабақ өз ой пікірімізді ашық айтуға бағытталғандықтан ұнады.

2. Өзара пікірталастырдық

3. Менің ұсыныс пікірім

Оқушы жауабын бағалау:

Бағалау парақшасы: 3-сабақ Блум таксономиясы бойынша

Р/с

Оқушы аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Қорытынды баға

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 


  1. Білу: «Миға шабуыл» әдісі бойынша орындалған нақты жауапқа-1 ұпай

  2. Түсіну: «Ой қозғау» сатысы кезіндегі жүйелі жауапқа –1 ұпай

  3. Қолдану: Берілген тапсырманы түсініп жеткізе білуі- 1 ұпай

  4. Талдау: Белсенді, ұтымды ой айта білген, тапсырманы аша білуі-2 ұпай

  5. Жинақтау: Эссенің мазмұндылығы, қатесіз жазылуы- 4 ұпай

Бағалау шкаласы: «5» -9 ұпай

 «4»-8 ұпай



«3 »-7ұпай

Үйге тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет