Блум таксономиясы бойынша қҰрылған тапсырмалар арқылы студенттердің сыни тұРҒыдан ойлау қабілетін арттыру



Дата22.08.2017
өлшемі98,96 Kb.
#24356
түріСабақ
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Кулбекова А.А.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Оқытушылар алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Сабақ барысында студенттің ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялардың бірі - сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. RWCT жобасы («Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау») 29 мемлекетте қолданылады [1].

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы студенттер белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, студент ойы дамиды.

Зерттеулер бойынша студенттердің көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% - дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін, талқылауда 50% - ын сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90% ақпаратты есінде сақтап қалады екен [2]. Сондықтан студенттердің сөйлеу, ойлау дағдыларын жетілдіруіміз қажет.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.



Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады [3]




Түрі

Мазмұны

Студенттерге қойылатын сұрақтар

Студенттерге берілетін тапсырмалар

Таным мен ойлау деңгейі



Б

І

Л

І

М

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.


  • Хромосомаларды клетка бөлінуінің қандай фазасында көріп санауға болады?

  • Кроссинговер қандай құбылыс?

  • Митозда хромосомалар екі полюске қай фазада ажырайды?

  • Белгілі бір белок молекуласының синтезіне жауапты қандай құрылым?

  • Митотикалық циклдің қандай фазасында РНҚ мен белоктар түзіледі?

  1. Хромосоманың атқаратын қызметі мен клеткада маңызы туралы еске түсіру.

  2. Митоздың биологиялық маңызына конспект жазу, қайталау.

  3. Термин сөздерге глоссарий жазу және жаттау.




Төменгі

Т

Ү

С

І

Н

У

Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

  1. Түсіндірме (интерпретация) – негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: «Қалай? Неліктен?» сұрақтарына жауап іздену, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетіңіздер» тапсырмаларын орындау.

  2. Аударма (трансформация) – мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.

  3. Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.

  4. Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).

  1. Түсіндірме: Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

  • аталық және аналық жыныс жасушаларын салыстырыңыздар.

  1. Аударма: Түсінгеніңізді өз сөзіңізбен айтып беріңіз (митоз фазаларының суреті көрсетіледі):

  • Зерттеуіңізді кесте жүзінде көрсетіп, қысқаша мазмұндап беріңіз;

  1. Мысалдар: Амитоз жолымен бөлінетін организмдерге мысал келтіріңіздер.

  2. Анықтамалар. Клетка тірі организмдердің маңызды құрылымдық бірлігі анықтамасын өз сөзіңізбен анықтап беріңіз.

  • “Құрылым” атауын өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз.

  1. G1, S, G2 кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау.

  2. Амитоз және митоз жолымен бөлінетін клеткалардын графигін сызу және түсіндіру [4].




Орта

Қ

О

Л

Д

А

Н

У

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.



  1. Жануар клеткасындағы митоз. Аксолотльдің қара бауыры. Бояуы темірлі гемотоксилин. Дайын препаратты микроскоптың кіші көрінісіне қойып, альбомға суретін салу, белгілерін қою.

  2. Өсімдіктер клеткасындағы митоз. Скерда тұқымының меристемалық клеткаларынан препарат жасап, клетканың митоз жолымен бөлінуін анықтап, суретін салу.

Салынған суреттерді нақтылау және қойылған белгілерді қолдану.

Орта


Т

А

Л

Д

А

У

н

а



л

и

з/



Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.

Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.

Талдаудың түрлері:


  1. Негізін талдау;

  2. Астарлы мағынаны ажырату;

  3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;

  1. Негізін тану – құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

  2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) – екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).

  3. Мотивация - себептерді айқындау. Студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

  1. Негізін тану - микроскоптан анықталған жануарлар мен өсімдіктер клеткасындағы митоздың айырмашылықтарын талдап, жіктеу.

  2. Астарлы мағына - дене клеткасының бөлінуінің мәні қандай?

  3. Мотивация – Митоздық бөлінудің биологиялық маңызына мысал келтіре отырып дәлеледеу.

Зерттеу нысананың құрылымын, яғни микроскоппен көрген препараттардан алған мәліметтерін кестеге түсіріп салыстырмалы талдау.

Жоғары

Ж

И

Н

А

Қ

Т

А

У



и

н

т

е

з/

Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлері:



  1. Шығармашылық жанрлар;

  2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;

  3. Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.

Митоздық бөліну процесіне негізделген тәжірбиелік немесе зертханалық жұмыстарды талдай отырып олардың тірі организмдегі маңызы және ерекшелігін митоздың әр бөліну фазасындағы процестерге сүйене отырып тұжырым жасау.

Дене және жыныс клеткаларының бөлінуіндегі фазаларын салыстырып, алған білімдерін жинақтау.

Жоғары


Б

А

Ғ

Л

А

У


Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.

Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.



Инсерт технологиясы бойынша алған білімдеріне талдау жасай отырып бағалау.

Не білдім?/ Не білгім келеді?/ Не білмедім?


Осының нәтижесінде студенттер бір –бірімен пікір алмаса отырып білімдерін толықтырады.

Жоғары


Қорытындылай келсек, сын тұрғысынан ойлайтын студенттер белсенді, сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады; 
Студенттер биология оқу сабағында тәжірибе жасау, теорияны мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді.

Түйіндеме
Мақалада Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы биология сабағында студенттер сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар келтірілді.

Резюме
В статье Блума по таксономе составлены такие задания, которые способствуют мышлению студентов через испытания личности.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Рудик Г.А.Еуропалық біліктілік жүйесі контексінде ұлттық білім стандарттарын әзірлеу мен енгізу бойынша практикум– Қостанай, 2010 ж.

  2. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.

  3. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б

  4. А.Нұрышева, М.Нұрышев “Цитология” Алматы. Қарасай. 2004.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет