«Шындық немесе жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:
Әмбебаптығы. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нəтижелерін өлшеу үшін бейімдеуге болады.
Жылдам балл қою мүмкіндігі. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде есептеуге болады.
Сенімділігі. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді нəтижелерін беруі мүмкін.
Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы жетілдіруге болады.
Тиімділігі. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген əртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады.
Түсінгенін тексеру мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды түсінуін бағалауға пайдалы.
Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін.11- слайд.
Жабық түрдегі тапсырмалардың үшінші түрі - салыстыруға жəне сəйкестендіруге арналған тапсырмалар.
Сəйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиғаны, даталарды, атаулар мен есімдерді, оқиға болған жерлерді білу маңызды болып саналатын сабақтарда білімді тексерудің барынша тиімді тəсілі болып табылады. 12- слайд.
Аталған тапсырмада қолданылатын сəйкестендіру түрлері:
1) Терминдерді олардың анықтамасымен сəйкестендіру;
2) Бір-бірімен байланысты фразаларды сəйкестендіру;
3) Себебі мен салдарын сəйкестендіру;
4) Өлшем бірлікті басқа өлшем бірлігімен (одан ірі немесе ұсақ) сəйкестендіру;
5) Есепті оның шешімімен (жауабымен) сəйкестендіру. 13-слайд.
Сəйкестендіру тапсырмаларының артықшылығы, олар оқушылардың білімін бағалауда ыңғайлы, ал кемшілігі жоғары деңгей дағдыларын бағалау мүмкіндігінің төмендігі болып табылады. 14- слайд.
Сəйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың жауаптары көрсетіледі. Бұл жағдайда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сəйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда, бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін, сонымен қатар, егер оқушы бір жауабында қателессе, одан әрі де қателікке ұрынады. Келесі жағдай да орын алуы мүмкін: оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сəйкестікті дəл біледі, сонда жауабын білмейтін сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді.15- слайд.
Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тəсілі – бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптардың санының көп болуы. Бұл жағдайда оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағанан тұратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс. Нəтижені өңдеу қолайлы болу үшін сол бағандағы орналасу позицияларды санмен белгілеу, ал оң бағандағыларды бас əріптермен белгілеу ұсынылады.
Тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауап беру үшін жазу қарпінің өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас əріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші əріптермен жазылады.
Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн. Əрине, жеке жағдайда, бір сұраққа бір жауап келетін сəйкестендіру тапсырмасы ең жақсы тапсырма мысалы болуы мүмкін.
Сапалы тапсырма барынша сенімді нəтиже алуға жағдай жасайды, сондықтан сəйкестендіру тапсырмасын құрастыру кезінде төменде берілген ұсыныстарды ескерген жөн. 16-слайд.
___________________________________________________________________
Логикалық амалдар тақырыбын оқыту барысында қалыптастырушы бағалауда қолданылатын жабық тапсырма мысалын көрсетіңіз. Тапсырма саралауды қамтамасыз ету үшін ойлау дағдыларының қолдану деңгейлеріне сәйкес келетін бағалау критерийлерін қамтуы керек.
Жауабы: Бағалауға арналған тапсырмалардың жабық және ашық түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |