Блум таксономиясының деңгейлер: Бағалау, Жинақтау, Талдау, Қолдану, Түсіну, Білу. Сұрақтар үлгілері



бет4/4
Дата19.06.2023
өлшемі42,54 Kb.
#178970
1   2   3   4
Байланысты:
Кейс сұрақтары каз

Жабық түрдегі тестік тапсырма.
Жабық түрдегі тестік тапсырма ұсынылған кезде сұрақтарға балама жауап автоматты кездейсоқтық орын ауыстыруы мүмкін. Сынаққа түсушіден бір жауапты ғана таңдау талап етіледі. Егер сынаққа түсішуге ұсынылған тапсырмаға жауап дайын болмаса, онда ол бұл тестік тапсырманы өткізіп жіберуі мүмкін, кейін бұл тапсырма қайталанып келеді. Пайдаланушының білімінің нақты бағасын жоғарлатуында осындай жүйелерде жауаптардың нұсқалар саны көбейтіліп, мүмкін нұсқаларының бірнешесі ұсынылынады.
Кейс 14
Оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған.
1. Оқу үрдісінде қолданылатын ашық тапсырманың түрлері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз және мысалдар келтіріңіз.
2. Жасанды интеллект тақырыбын оқыту барысында қалыптастырушы бағалауда қолданылатын ашық тапсырма мысалын көрсетіңіз. Тапсырма саралауды қамтамасыз ету үшін ойлау дағдыларының атау және түсінудеңгейлеріне сәйкес келетін бағалау критерийлерін қамтуы керек.


Кейс 15
Жоба – уақытпен шектелген іс-әрекет. Жобаның үнемі мақсаты болады – қандай-да бір қорытынды алу немесе соңғы өнім немесе қызмет жасау керек. Егер мектептегі жобаны алатын болсақ, анықтамаларында айырмашылық жоқ. Оқушылардың жобалары да белгілі мерзім арқылы реттеледі және оқушының өресі аумағында қандай-да бір жаңа, күнделікті және өзекті мәселенің шешімін алу болып табылады. Жобадағы мәселелерді қарастырып, нақты міндеттерді шешу арқылы әр оқушының оқу және өзбетімен іздену траекториясы қамтамасыз етіледі, бұл оқу үрдісін саралауға (дифференциялау) және жеке тұлғаға бағыттауға мүмкіндік береді.
1. Оқушылардың жобалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жобалық әдіске сипаттама беріңіз және «Информатика» пәнінің мазмұнына жобалық іс-әрекет қалай кіріктірілгендігіне шолу жасаңыз.
2. Мәтіндік құжатпен жұмыс жасаутақырыбын оқыту барысында жобалық жұмысты ұймдастыруда қолданылатын тапсырма мысалын көрсетіңіз. Тапсырма саралауды қамтамасыз ету үшін ойлау дағдыларының жоғары (талдау, жинақтау, бағалау)деңгейлеріне сәйкес келетін бағалау критерийлерін қамтуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет