Блум таксономиясының деңгейлер: Бағалау, Жинақтау, Талдау, Қолдану, Түсіну, Білу. Сұрақтар үлгілері



бет1/4
Дата19.06.2023
өлшемі42,54 Kb.
#178970
  1   2   3   4
Байланысты:
Кейс сұрақтары каз



Кейс 11
Блум таксономиясы — бұл ойлауды топтастыру, ол оқу материалының қаншалықты жақсы меңгерілгендігін бағалауға көмектеседі. Бағалау критерийлерін Блум таксономиясы бойынша тиісінше ойлау дағдыларының деңгейіне дұрыс сәйкестендіру мұғалімге күтілетін нәтижеге бағытталған оқушы әрекетін дұрыс таңдауға және соған сәйкес келетін тапсырманы әзірлеуге көмектеседі.

  1. Блум таксономиясының деңгейлерін сипаттаңыз және оқу материалдарын жақсы бекіту үшін әр деңгейде қойылатын сұрақтарға мысалдар келтіріңіз.

Жауабы: Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологы, Блум таксономиясының авторы.
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған, оның шығармашылығын дамытудың және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады. Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін алты деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Блум таксономиясының деңгейлер: Бағалау, Жинақтау, Талдау, Қолдану, Түсіну, Білу.
Сұрақтар үлгілері
Білу және түсіну
Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады?
…. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге
болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз
сөзіммен сипаттай алам ба?
Қолдану
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты?
… қандай жағдайларда?
Талдау
Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады?
Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай?
…бір-бірімен қалай үйлеседі?
Жинақтау: Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?
Бағалау: Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және
не себепті?
Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, жаңашылдыққа ұмтылу . Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, Блум таксономиясы оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.
2. Компьютердің конфигурациясы тақырыбын оқыту барысында қалыптастырушы бағалауда қолданылатын тапсырма мысалын көрсетіңіз. Тапсырма саралауды қамтамасыз ету үшін ойлау дағдыларының қолдану деңгейіне сәйкес келетін бағалау критерийлерін қамтуы керек.
Жауабы:
«НЗМ» ДББҰде қолданылатын критериалды бағалау оқу жыл бойында оқушылардың оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін үш түрін жүзеге асырылады. Олар қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау мектептшілік бағалауды құрастырады және межелік және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы күнделікті сабақ беруде үнемі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданылады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді.
Ішкі жиынтық бағалау – тоқсан ішіндегі оқыту ақпараты блогын зерделеуді аяқтаған кезде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындау және тоқсандағы, оқу жылындағы жиынтық бағаны айқындау үшін қолданылады.
Сыртқы жиынтық бағалау оқыту сатысындағы оқу ақпараты блогын зерделеуді аяқтау кезінде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындайды және оны бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерден кейін Тәуелсіз бағалау органы жүргізеді. Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері 30% (қалыптастырушы), 40% (ішкі жиынтық) және 30% (сыртқы жиынтық бағалау) пайыздық арақатынаста.
Оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі уақыттағы құралдары. Білім беру үдерісінде бағалаудың орны мен ролі. Бағалау іс-әрекетінің мәселелері.
2015 жылғы 25 сәуірде бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында Білім алушылардың дайындық деңгейі «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам»,
«Технология және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалатыны көрсетіледі.
Аталмыш құжатта бастауыш білімнің мақсаты бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:

  1. білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;

  2. сын тұрғысынан ойлау;

  3. зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

  5. коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

  6. топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

  1. заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;

  2. сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

  3. оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;

  4. оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

Осыған сәйкес, құзыреттілік тәсілдемеге негізделген бағалау технологиясын таңдауға келгенде, оқушылардың жеке дара қасиеттері мен вариативті білім алу кеңістігін дамытуды жүзеге асыруды ескерген жөн. Вариативті білім беру кеңістігі қазіргі технологиялар мен жеке оқыту траекторияларын қамтиды. Вариативтілік бұл жерде білімнің жекеленуіне және қолжетімділігіне, мақсатты жүзеге асырып және мазмұнды (мемлекеттік стандарттар аясында), қызметтердің тәсілдері мен әдістерін таңдау бойынша, оның қатысушыларының өзара жұмыс істеуіне негізделген оқыту процесінің икемділігіне бағытталған.
Бағалау 4 өлшем бойынша жүзеге асырылады. Тілдік емес пәндер бойынша «Білім және түсіну», «Білімді қолдану»,
«Талдау, синтез, зерттеу», «Коммуникация», өлшемдері қолданылады.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары).
Англияда бағалау ресімдері мұғалімдерге және оқушыларға көмек көрсетуге арналған:

  • Түзуші элементтер мұғалімдерге оқушының оқуы қалай ілгері басу керектігі туралы шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Элементтер мұғалімдерге және басқаларға олардың білімділік дамуына көмектесу үшін белгілі оқушыларды келесіде диагностикалық бағалаудың қажеттілігін анықтауға көмек көрсетеді. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқу үшін бағалау» деп аталады.

  • Қорытынды элементтер оқушылар жетістіктеріне және олардың білімдеріне, материалды түсінуіне дәллдерді ұсынады. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқуды бағалау» деген аталыммен белгілі.

  • Бағалаушы элементтер оқушылардың табыстары туралы ақпаратты ұлттық көлемде ұсынады, олар білім беру бағдарламасындағы келешектегі талпыныстардағы, ресурстардағы немесе өзгертулердегі қажеттіліктерді анықтауда қолданыла алады.

  • Ақпаратты элементтер мұғалімдерге балалардың табыстары туралы олардың ата-аналарына және мектептің табыстары туралы мектептік басқару органдарына, МОВ және қоғамға хабарлап отыруға көмектеседі (ДОН, 1989 г.).

Ағылшын тәрбиесінің басты мақсаты – баланың күш- жігерін, кез-келген жағдайда өзін сабырлықпен ұстау, қиыншылықтарға төзбеу, кез-келген, ең күрделі деген жағдайлардан жол табу және әрине, ағылшын қоғамында көптеген ғасырлар бойында үйреншікті болғандай, барлық жағдайда нағыз мырзаның (джентльменнің) немесе нағыз ханымның (ледидің) мәнерлерін сақтау әдетін дамыту.

Кейс 12
Дескриптор –тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Мұғалімнің қабылдаған шешімі объективті болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы қажет. Дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға тиімді кері байланыс беруге және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және оған кері байланыс ұсынуға көмектесуі қажет. Оқушының қиындықтарын анықтауда және оған кері байланыс ұсынуға дескриптор қалай көмектесетінін түсіндіріңіз және нақты мысалдар келтіріңіз.

Жауабы:
Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады. Критерийлер - оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды.
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту.
Дескриптор - оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. Кері байланыстан күтілетін нәтижелер: -мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады; -оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді; -оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады; -мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.
2. Компьютерлік желілер тақырыбын оқыту барысында қалыптастырушы бағалауда қолданылатын тапсырма мысалын көрсетіңіз. Тапсырма саралауды қамтамасыз ету үшін ойлау дағдыларының қолдану деңгейлеріне сәйкес келетін бағалау критерийлерін қамтуы керек. Дескриптор дайындаңыз.
Жауабы:
Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.
Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», — деп Дистерверг айтқан болатын.
Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, — деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.
Академик А. П. Ершов 80-жылдарды мынадай ой айтқан болатын: «Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы».
Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», — деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бігінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Өз тәжірибемізде берілген тақырыпты оқытуда төмендегідей оқыту технологияларын қолданып келеміз.

Кейс 13
Тапсырманың түрін орынды пайдалану нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және маңызды болып табылады. Жабық тапсырмалар - педагогика мен психологияда кең қолданылатын тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін.

  1. Оқу үрдісінде жабық тапсырмалардың кеңінен қолданылатын түрлеріне сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.

Жауабы:

Оқу мақсаттарын дəл тұжырымдап, үнемі есте ұстау мұғалім үшін өте маңызды, өйткені дәл осы оқу мақсаттарының негізінде тиімді әрі маңызды практикалық тапсырма əзірленеді. Тапсырмалар жабық немесе ашық түрінде болуы мүмкін. Тапсырманың əр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті жəне өзекті болып саналады.


Соның ішінде жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған тапсырмалар түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай жəне олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мағынасы сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы əр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық жəне сапалық сипаттамалары əртүрлі келетін бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.

Жабық тапсырмаларға бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар, жауаптарының көп таңдауы бар тапсырмалар, тұжырымның «шындық/жалған» екенін анықтау, сәйкестендіру мен салыстыруға берілген тапсырмалар түрі жатады.


Алдымен жабық тапсырмаларадың бірінші түрі - жауаптарының көп таңдауы бар тапсырмаларға тоқталайық. Көп таңдауы бар тапсырмалар ұсынылған жауап нұсқалары аясында оқушылардың жауаптары шектеулі, объективті жауабы бар арнайы сұрақтың түрі болып табылады.


Жауаптарының көп таңдауы бар тапсырмалар екі компоненттен тұрады: Тапсырма мəтіні жəне жауап нұсқалары, дұрыс жауабы – кілті, дұрыс емес жауабы – дистракторлары деп аталады. Тапсырманың мəтіні барынша қысқа беріліп сұрақтың мəнмәтінін ашуы керек. Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды. Тапсырма күрделі тұжырымдалып оны түсінуіне қиындық тудырмауы тиіс. Тапсырмалар орфографиялық нормаға сай құрастырылуы керек. 4- слайд.


Тапсырма мəтінін құрастыру кезінде нені ескеру қажет? Тапсырманың теріс тұжырымдалуы оқушының қабылдауын қиындатып, дұрыс жауапты анықтауына кедергі келтіреді. Сонымен қатар материалды меңгеру деңгейін нақты анықтауға септігін тигізбейді. Алайда, тапсырманы теріс тұжырымдау қажет болған жағдайда, қосымша графикалық əсерді қолдану керек. Мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсетіп белгілеу, теріс бөлігін бас əріппен жазу.


Берілген мəтіннің сөйлемдерін толықтыруға арналған (бос орындарға қажетті сөздерді қою) тапсырмаларды қолданбауға тырысу қажет. Тапсырмалардың бұл түрі оқушылардың визуалды есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады және өтілген материалды меңгеру сапасын көрсетпейді. Көп таңдауды қажет ететін тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны түрленуі мүмкін. Нұсқалар саны көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты болжап табу мүмкіндігі аз болатынын атап өткен жөн. Алайда, балама нұсқалардың көп саны оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытын шамадан тыс алады. Жауап нұсқаларының санын 2-ден бастап 5-тен асырмау ұсынылады.


Жауап нұсқалары түрлі логикалық реттілікпен (алфавиттік, хронологиялық, өсу/кему, грамматикалық санатына қарай жəне т.б) орналасуы мүмкін. Cондықтан оқушылар дұрыс жауапты орналасу позициясы бойынша анықтай алмайды. Мысалы, жауап нұсқасы сөзден басталса, онда олар алфавиттік ретпен орналасады. Егер жауап нұсқасы саннан басталса, онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер екі нұсқа да визуалды түрде бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін реттілікпен орналастырған дұрыс.


Тапсырманы құрастыру алгоритміне сəйкес көп таңдауды қажет ететін тапсырмаларды құрастыру кезінде сұрақтары мен дистракторларын тұжырымдамас бұрын алдымен жауап кілтін дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырмада нақты дұрыс жауаптың бар екеніне кепілдік береді. 5 –слайд.


Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторлардың берілу ретіне қарай анықтай алмайтындай өте мұқият құрастыру керек. Дистракторлар өтілген материалдарға сəйкес жəне бұрыс, бірақ шындыққа жанасымды болуы керек. Дистракторларды қолданудың басты міндеті - оқу материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың назарын аударту.


Əдетте «жақсы» дистрактор оқушының типтік қателерді қамтиды, яғни белгілі бір ғылымға негізделген, тапсырма сұрақтарындағы терминдерге ұқсас «ақылды» сөздерден құралады. Егер дистракторды білімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады, яғни оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда дистрактордың сапасының төмендігі немесе тапсырманы құрастыруда қате жіберілгені туралы білуге болады. Егер оқушылардың ешқайсысы дистракторлардың біреуін де таңдамаса, онда дистрактордың қате құрастырылғанын жəне қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді.6- слайд.


Дұрыс жауап кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру қажет? Егер дистракторларға цитаталардың тікелей қатысы болмаса, онда жауап кілтінде оқулықтан өзгертпей алынған дәйексөздерді (үзінділерді) қолданбаған жөн. Алдыңғы тапсырманың мəтінінде кездескен сұрақтарды жауап кілті ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін. Жауап кілті тым қысқа немесе ұзақ, жеңіл немесе күрделі тұжырымдалып дистракторлардың арасында ерекшеленбеуі керек. Жауап кілтінде жəне дистракторда «əрқашан», «кейде», «ешқашан», «жоғарыда аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмағанын ескерген жөн. Дистракторлардың «жартылай дұрыстығын», яғни қарастырылған мəнмəтінге байланысты əр түрлі түсіндірілетін жағдайлар болмауы керек. 7 –слайд.


Жабық тапсырмалардың екінші түріне тұжырымның «шындық немесе жалған» екенін анықтау тапсырмасы жатады. «Шындық немесе жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, əр сұрақтың тек екі ықтимал жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар «білу» жəне «түсіну» дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар қысқа уақыт ішінде ауқымды мәнмәтінді қамтитын осындай тапсырманы тез түсініп және тез орындауы орындауы мүмкін.


Тапсырма әзірлеушінің пікірі бойынша, мұндай тапсырмаларды құрастыру тез әрі оңай және олар мейлінше объективті, балдары анағұрлым сенімді болады.


Тапсырма әзірлеушілердің көбі шындықты анықтауға қатысты тапсырмалар қажетті білімді жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі оқушы тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар оқушыларды сөзбе-сөз есте сақтауға бағыттайтын тривиальды (қарапайым) сұрақтарды құрастыру үрдісі бар екенін атап өту қажет. Шындықты анықтауға арналған тапсырмалар нақтылауды қажет етуі мүмкін. Тапсырмалардың бұл түрі асты сызылған негізгі сөзбен немесе қысқа сөйлеммен (фраза) беріледі. Асты сызылған шындық түрінде берілген тұжырымды ауыстырған кезде оқушы сұраққа толық жауап беру үшін дұрыс сөзді немесе фразаны көрсетуі қажет. Шындықты анықтайтын тапсырманың бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты білетінін анықтайды. Оқушы тұжырымның жалған екенін дұрыс болжамдауы мүмкін, алайда ол неге жалған болып табылатыны туралы түсінік бере алмайды, немесе оқушы сол тұжырымды шындыққа өзгерте алмайды. Бұл жағдайда сөйлемдердегі қандай сөз/фраза өзгеруі қажет екенін әзірлеушінің өзі шешеді. Егер оқушыларға тек қана жалған тұжырымдарды анықтау/белгілеу туралы нұсқау берілсе, онда олар осы тұжырымдарды толығымен қайта жазып, бастапқы тұжырымда не дұрыс болмағанын түсіндіруге құқылы. Егер тапсырма асты сызылған сөзді/фразаны қарама-қарсы мағынаға ауыстыру деп берілсе, онда мұндай сұрақ қарапайым шындық-жалған сұрақтарына қарағанда басымдығын жоғалтады, себебі оқушы тұжырымның жалған екенін, оны өзгерте алмайтынын білуі мүмкін. 8 –слайд.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет