«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Мырзабеков С. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», Алматы, 1999 ж



бет8/23
Дата29.03.2017
өлшемі1,02 Mb.
#12426
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Мырзабеков С. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», Алматы, 1999 ж.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Қайталау – оқудың анасы.
Үйге берілген жаттығуды (261-жаттығу) талдамас бұрын, қайталау сұрақтары арқылы өткен материалдарды еске түсірейік.
Фонетика нені зерттейді?
Фонетика сөзі қай тілден енген?
Фонетика термин бола ала ма?
Терминдерді тіл білімінің қай саласы зерттейді?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар деп екі топқа бөлінуінің себебі не?
261-жаттығуды тексеру.
Мәтінмен жұмыс.
Сұрақ -жауап.
1. Бұл мәтін Абайдың қай қара сөзінен алынған? (19-қара сөз).
2. Балалар, Абайдың қара сөзімен таныса отырып, біз қандай ой түйдік?
Жауабы: Ата-анадан алғаш туғанда сәби есті болмайды. Ес өсе келе кіреді. Көргені, білгені көп болса, есті болады. Есті кісінің сөзін естісе, есті болады.
3. Есті деген сөзді қалай түсінеміз?
Жауабы: Ес-ақыл, яғни ақылды кісі.
4. Ақылды не үшін жұмсауымыз керек?
Жауабы: Білім алу үшін.
Дыбыстық талдау. (Тақтамен жұмыс)
туғанда = 7 әріп, 7 дыбыс (д – дыбысы жуан) ту-ған-да 3 буын; айтылуы, жазылуы – бірдей.
Дүниедегі = 9 әріп, 9 дыбыс (и – дауысты), дү-ни-е-де-гі 5 буын; айтылуы – дүнүедегі, жазылуы – дүниедегі.
өзі – 3 әріп, 3 дыбыс; ө-зі 2 буын; айтылуы – өзү, жазылуы – өзі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
І. Қазақ тіл білімінде
Қатаң
Ұяң
Үнді
П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч тек салдардан жасалады
Б, в, г, ғ, д, з, ж, һ үн мен салдыр, салдыр басым болады.
Р, л, й, у, м, н, ң үн мен салдыр, үн басым болады.
ІІ. Орыс тілінде
Согласные звуки
Парные
Непарные
Звонкие
Глухие
Звонкие
Глухие
б, б’, в, в’, г, г’, д, д’, ж, з, з
п, п’, ф, ф’, к, к’, т, т’, ш, с, с’
л, л’, м, м’, н, н’, р, р’,
х, х’, ц, ч, щ
ІІІ. Дауыссыз дыбыстар ағылшын тілінде:
Consonant sounds
Voiced consonants
Voiceless consonants
Sonorant
[p] – п, [f] – ф, [k] – к, [t] – т, [s] – с, [∫] – ш, [t∫] – ч, [w] – уо.
[b] - б, [v] – в, [g] – г, [d] – д, [z] – з, [dз], [h] – х, [θ] – з , [ð] – с.
[r] – р, [ј] – ие, [l] - л, [m] – м, [n] – н, [ŋ] – ң.
Кесте-сызба
1) Қазақ, орыс тіліне ортақ дыбыстар – 15
Б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с., т, ш
2) Қазақ, ағылшын тіліне ортақ дауыссыздар
[b] – б, [v] – в, [g] – г, [d] – д, [z] –з, [h] – һ, [p] – п, [f] – ф, [k] – к, [t] – т, [∫] – ш, [t∫] – ч, [s] – с, [l] – л, [m] – м, [n] – н, [ŋ] – ң, [r] – р, [ј] – ие.
3) Қазақ тіліне тән дауыссыздар
Ғ, қ, ң, у, һ
4) Орыс тілінен енген дауыссыздар
В, ф, х, ц, ч, щ
IV. Бекіту
264-жаттығу
1. Мәтін. Абайдың 17 қара сөзінен алынған.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері мағыналас, үндес келеді.
- Балалар, ақынның қай өлеңінде адамдық қасиеттің негізі айтылады?
Жауап: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.
Ендеше, «Білім қоржынын» толтырайық.
Адам болам десеңіз
Надандық белгісі
Талап.
Еңбек.
Терең ой.
Қанағат
Рақым
Өсек.
Өтірік.
Мақтаншақ.
Еріншек.
Мал шашпақ.
Қорытындылап айтқанда, Абай ақын армандаған еліміздің ұрпақтары қандай болу керек?
Жауап: Талапты, еңбексүйгіш, терең ойлы, қанағатшыл, білімді, ақылды, рақымды болу керек. Сонда ғана елеміздің өркендеуіне үлес қоса аламыз.
Туған еліміздің, қасиетті топырағында өмір сүрген ойшыл, дана бабаларымыздың асыл да нақыл сөздерін бойымызға сіңіре отырып, туған жерімізге адал қызмет етейік.
2. Тақтамен жұмыс
ұғатұғын – ұғатын, түбірі: ұқ – атын
білетұғын – білетін, түбірі: біл + етін
залал, кесел, зиян (синоноим)
табылмайтұғын – табылмайтын, түбірі: тап + ыл + ма + йтын

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет