«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
УМКД
УМКД 042-16.1.32/03-2013
УМКД
« БМ Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
______2013 жылғы
№ 3 басылым
5 В 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған
«БМ Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны 1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
Әрекет– іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
Білімдену– оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Даму – адам ағзасында жүріп отырған
Дедукция– ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
Дидактика– педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.
Индукция– жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
Индивид – жеке адам, тек өкілі.
Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
Интерактивтік– интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру
Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
Концепция/тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қалыптасу– барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.
Метод– бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.
Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.