Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы



бет32/91
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#14086
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Қазақстан мектептері, оның ішінде қазақ мектептері де 1970-1980жылдар аралығында РСФСР ағарту министрлігінің басшылығымен ғылыми-зерттеу институтының музыка-ән оқыту зертханасында Д.Б.Кабалевский жасаған «Музыка» бағдарламасына көшуді жүзеге асырды. Осы үлгідегі 1972 жылғы бағдарлама 1998 жылдарға дейін негізінен өзгеріссіз қайта басылып қолданылып келді. Бұл Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасы ұстанымдары негізінде жасалған, қазақ мектептерінде жаппай қолданылып жүрген 2-5 сыныптардың (авторы Б.Ғизатов, Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева) және 6-сынып (авторы Ө.Байділдаев) музыка пәні бағдарламалары 1982, 1987, 1990ж басылымдарда, одан кейін де елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.
Қазақстан мектептері, оның ішінде қазақ мектептері де 1970-1980 жылдар аралығында музыка-ән оқыту зертханасында Д.Б.Кабалевский жасаған «Музыка» бағдарламасына көшуді жүзеге асырды.Осы үлгідегі 1972 жылғы бағдарлама 1998 жылдарға дейін негізінен өзгеріссіз қайта басылып қолданылып келді. Бұл Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасы ұстанымдары негізінде жасалған, қазақ мектептерінде жаппай қолданылып жүрген 2-5 сыныптардың (авторы Б.Ғизатов, Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева) және 6-сынып (авторы Ө.Байділдаев) музыка пәні бағдарламалары 1982, 1987, 1990ж басылымдарда, одан кейін де елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.
1990 жылы Білім министрлігі тарапынан бұл өзгерістер мен талаптар ескеріле отырып, «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» ұсынылды.
Бұл бағдарлама қазақ халқының мәдениетін, өнерін балалар бақшасынан бастап мектепке және мектептен тыс оқу орындарында тұтас таныту жөнінен елеулі бетбұрыс болды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие жүйесі баланың сезімталдығын оятып, оның бойында эстетикалық мағлұматтарды қалыптастырып, музыкаға, сурет салуға, сөз сырына үңілуге, тақпақ оқуға, ертегі айту қабілетін дамыта бастауға, айналадағы ортаны, оның әр түрлі құбылыстарына көзқарасын орнықтыруға бағытталды. Мектептегі адамгершілік-эстетикалық бағыттағы сабақтарда мәнерлеп сөйлеу және шешендік, мінез-құлық және әдеп, ән-күй, бейнелеу, қолөнер, қазақ биі, ырғақты би (гимнастика) оқушының әсемдік сезімін, бейнелі ойлау қабілетін, жалпы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.
Бағдарлама оқушының бойына өнердің мәні мен алатын орнын, оны қабылдау деңгейін дамыта отырып, туған елінің, өз халқының ұлттық, елжандылық сезімін қалыптастыруға жан-жақты педагогикалық жағдай жасауға көмектеседі.
Жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің жалпы бағыты анықталған бағдарламаның негізінде 1-сыныпқа арналған «Елім-ай» ән-күй бағдарламасы (авторлары М.Балтабаев, С.Ұзақбаева, Т.Қышқашбаев т.б. кейінірек 2-3 сыныптарға арналған бағдарлама (авторлары М.Балтабаев, Т.Қышқашбаев, Б.Өтемұратова) жасалынды.
«Елім-ай» бағдарламасы музыкалық-эстетикалық білімнің күрделі жүйелілігіне, ажырамас тұтастығына негізделді. Онда ән, күй, ою-өрнектер, би қимылдары, ұлттық ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер жұмбақтар, аңыз-әңгімелер т.б.) және домбырада ойнау машықтары астастырыла берілген.
Жастарға эстетикалық тәрбие беруде музыканы өнердің өзге түрлерімен кешенді жүйеде оқыту мәселелерінде елеулі ізденіс танытқан бағдарламаның бірі А.Райымбергенов пен С.Райымбергенованың авторлығымен «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ән-күй сабағына араналған «Мұрагер» бағдарламасы 1-4 сыныптар үшін 1994 жылы жарық көрді. Бұл бағдарлама халық көркемөнер мұраларымен тоғысты, алайда көркемөнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктеліп алынды. Қысқасы ән-күй пәні музыка ауызша – поэтикалық, қолөнер, көркемөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуға тиіс».
Музыканың өнер пәндерімен байланысын кеңірек қолдануға ұмтылған тағы бір бағдарлама – Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова жасаған «Ән-күй» бағдарламасы. Мұнда авторлар «қызықты аңыздар мен әңгімелерді айтып беру сол материалды сапалы да жеңіл қабылдауға, естерінде ұзақ сақтауға көмектеседі» дей келіп, Д.Б.Кабалевский ұстанымдарын басшылыққа алып, «оқушылар музыканы көңіл-күйін анықтауды, музыканың көркемдік құралдарының қарапайым түрлерін ажыратуға... үйренеді, синкертті ұғыммен танысады деген мақсат қояды. Сөйтіп оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып (тұрақты зейін, есте сақтаудың еріксіз түрінің басым болуы, ойынға бейімділігі), музыка сабағына би қимылдары, бейнелеу, ойын элементтері, тақпақтар, жұмбақтар кең енгізілген.
1980-1990 жылдарда қалыптасқан музыканы әдебиетпен байланыста оқыту тенденциясы 1998 жылдан бастап шыға бастаған музыка пәні бойынша жаңа буын оқу бағдарламалары мен оқулықтарында жалғасын тапқан Ж.Еңсепов, Б.Ысқақовтың 5-6 сыныптар үшін жасаған «Музыка» бағдарламасы өзінің негізгі музыкалық-эстетикалық кешендері білім-тәрбие міндеттерін атқаруда «оқушыларға саз өнеріндегі тұлғаларды таныстырып, олардың шығармашылық және өмірбаяндық жолдарынан қысқаша мәлімет» беруді де, музыкалық шығармалардың «туу, орындалу, халыққа тарату, ұрпақтан-ұрпаққа жалғау жолдарымен» таныстыруды да қарастырады
Қалай болғанда да өнерді синтезді оқытуға түбегейлі бетбұрыс жасалуы оның жастарға эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі болып табылатынын айғақтай түседі.
«Қазіргі білім берудің мәні рухани құндылықтарды жеткізуде, сана-сезім құндылықтарды қалыптастырып, байытуда дәрменсіз болып отыр»,- дей отырып Т.С.Гершунский «Тұлғаның қажетті сана-сезім сапаларына жетуге бағдарланған интегративті білім бере алатын білім мазмұнын құруды» ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда өнер пәндерін интеграциялау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру қажеттігі айқындала түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет