Өзіндік бақылау сұрақтары:
Қ.Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар ұйымдастыруымен ұсынылған бағдарлама қалай аталады?
Бағдарлама ерекшелігі қандай?
Әдебиеттер:
1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.
2. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 2 сыныпқа арналған. Алматы, 1998.
№ 4 дәріс
Музыкалық сабағындағы іс-әрекет түрлері.
Дәріс мазмұны: 1. Іс-әрекет түрлері.
2. Ән үйрету кезеңі
1. Әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың әнге қызығуы, ұнауы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беруі тиіс. Егер қажет деп тапса, әнді күйтабақпен тыңдауға немесе алдын–ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады. Қандй жағдайда да әннің орындалу сапасы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |