Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы



бет5/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,28 Mb.
#8788
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:

1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001
6 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Екінші сыныптағы музыкалық тәрбие.

Дәріс мазмұны:1. Екінші сыныптағы музыкалық тәрбие мазмұны.

2. 2-сыныпқа музыкалық сипаттама

3. 2-сыныптағы музыкалық сауаттылық
Балаларда 2-сыныпқа қарай түрлі музыкалық әсерлер мен түсініктер қалыптасады, біршама тәжірибелер жинақталады. Сабақтың алғашқы күнінен бастап есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін одан әрі дамыту, музыканың мәнерлеу мен бейнелеу мүмкіндіктерін түсіну, ән айту дағдыларын қалыптастыру жұмыстары тиянақты жүргізілуі керек. 1-сынып пен 2-сынптар арсындағы байланыс жаңа материалдар негізінде көрінеді. Сабақ барысында мұғалім қазақ халқының әдет-ғұрпын қадірлейтін, өмірімен байланыстылығын түсіне, ішкі жан дүниесі бай, өнерлі тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етеді.

Тәрбие беру-халық музыкасы арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға, халық музыкасын тыңдау және орындау арқылы қоршаған ортадағы сұлулықты, табиғаттағы әсемдік пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты сезініп, түсінуге тәрбиелеуді көздейді. Балалар музыкалық материалдар арқылы жылдамдық(темп), дыбыс күші (динамика), стаккато және лигато, фермата түсініктерін тереңірек меңгереді.

Екінші сынып оқушыларының дауыстары табиғи дамып, ашық еркін бола бастайды. Дауыстарының жоғарғы диапазоны до-ре¹, ре-ми² октава аралығында болады. Мұғалім әншілік репертуарларды біртіндеп күрделендіру арқылы балалардың дауысын дамыту мен диапазонын кеңейту жұмыстарын жүргізеді.

2-сынып материалында балалар сал, сері, хор,т.б. ұғымдармен таныса алады. Кейбір 1-сыныптағы материалдар 2-сынптада күрделеніп қайталанып отырады.



Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

7 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Үшінші сыныптағы музыкалық тәрбие.

Дәріс мазмұны: 1. Үшінші сыныптағы музыкалық тәрбие мазмұны.

2. 3-сыныпқа музыкалық сипаттама

3. 3-сыныптағы музыкалық сауаттылық

Үшінші сыныптағы музыкалық тәрбие қазақ халқының дәстүрлі поэзиясымен аспаптық музыка өнерінің өзара байланысын көрсетуге арналған. Өз халқының әншілік дәстүрі, халық асаптық музыкасы мен ақындық шығармашылығы жөнінде жан-жақты мағлұматтар ала бастайды. Сонымен қатар музыка сабағында халықтың ақындық шығармаларымен (жыр, терме, айтыс оның түрлері, жыршы, жырау, күй тартыс т.б.) таныса алады. Үшінші сыныпта вокальды хор жұмысына көп көңіл бөлінеді. Ұсынылып отырған әндердің тәрбиелік мәні зор, танымдық жағы да өте құнды. Әндер балалар дауысына икемді. Дауыс диапазонының ұлғаюына ықпал етеді. Бұл кезеңде оқушылардың ести білу, есте сақтау қабілеттері тұрақты зейін болып қалыптасқандықтан балалар бір дауысты әндермен қатар екі дауысқа құрылған әндерді де орындай алады. Сол сияқты жыр мен термеден де үзінділер орындап, тыңдай алады.

Үшінші сынпта эпос сарыны тақырыбы бойынша балалар тоқсан бойы «Алпамыс батыр» жырымен танысады. Ол-тәрбиелік мәні зор шығарма. Әрбір кейіпкерлерге жеке-жеке тоқталып, жағымды және жағымсыз жақтарына көңіл бөлінеді. Сабақта Алпамыс бейнесін қарастырып, оның батырлық, өжеттік, адамгершілк т.б. қасиеттерін ажырата отырып, оның орнында өздері болса, қандай жақсылық істер жасай алатынын айтып беруге мүмкіндіктер алады.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде терме-жырдың тәрбиелік маңызы зор. Балалар терме, жыр, толғау, термеші, жыршы ұғымдарымен кеңірек «Ақыл, нақыл, өсиет» атты тоқсан тақырыбында танысады.

Үшінші тоқсанда оқушылар қазақ халқының шешендік сөз өнерінің бірі –айтыспен тансады. Балалар айтыс-айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қарапайым тілмен сөз жарысы екендігін түсінуі тиіс.

Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие


8 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Төртінші сыныптағы музыкалық тәрбие.

Дәріс мазмұны: 1. 4- сыныптағы музыкалық тәрбие мазмұны.

2. 4-сыныпқа музыкалық сипаттама

3. 4- сыныптағы музыкалық сауаттылық

Бұл кезеңде балалар толығымен қай жағынан алсақта кемелденген шағы. Түйсік, қабылдау, есте сақтау, зейіннің толысып толығатын кезеңі. Бұл сыныпта төменгі 1-2-3-сыныптардағыдай емес, музыка туралы түсінігі мол.

Қос арна деп аталатын жартыжылдық тақырыбында халқымыздың дәстүрлі талғам-танымы бойынша төл музыкалық мұрамыз-халық музыкасымен қатарлас тағы бір арна- кәсіби композиторлар музыкасынан хабардар болады. Қазақстандық кәсіби композиторлар Байділдаев, Ғизатов, еспаев, Нүсіпбаев т.б. олардың әндерін тыңдап, үйрене алады. Сонымен қатар бұл тоқсанда балаларға таныс емес болып келген халық музыкасына қарағанда құрылысы жағынан күрделірек, көлемдірек болып келетін симфония, опера, балет, хор және аспапты музыкамен таныса алады. Өздеріне бұрыннан таныс ән-күй, жыр, халық музыкасының шығармалары симфониялық, опералық, хор және аспаптық музыкада өзгеше құлпырып, керемет үндестік табатынын түсіне және байқай алады. Халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының кәсіби музыкасы, яғни қос арна өзара тоғысып, үлкен бір арнаға айналады.

Бұдан әрі балалар зейіні Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуына бұрылады. Көлемді тақырыптар арқылы басқа ұлт өкілдерінің төл музыкасынан хабардар бола алады.


Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

9 дәріс сабақ

Дәріс тақырып: Қазақтың ұлттық аспаптары.

Дәріс мазмұны: 1. Аспаптар классификациясы (топтасуы).

2. Аспаптар туралы аңыздар.

1. Халықтың музыкалық мұрасын жиып-теріп, оны зерттеу жолында артында ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Жұбанов өнер зерттеушісі Ерзакович, Равин және Б.Сарыбаев сияқты ғалымдардың шексіз еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Біз аспаптарды жүйелеу арқылы олардың ішкі мүмкіндігін, дыбыстық бояуын, құрылыс –құрамын ажыратамыз. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана әр сыныпты жеке-жеке алып тереңірек зерттеуге мүмкіндік аламыз.

Аспаптардың құрылысы, жасалуы, жөнделуі, шығу тарихы, өзіне тән ерекшеліктері туралы өнертанушы ғалым Болат Сарыбаевтың еңбегінде көрінеді. Ол өзінің орысша – қазақша шыққан «Қазақтың музыкалық аспаптары» деген еңбегінде құнды құнды пікір айтып, өмірде қолдануына көп күш салып, аспаптар коллекциясын жасады. Ол музыка аспаптарын былайша топтастырады:



  1. Ішекті аспаптар: жетіген, шертер, домбыра, қобыз т.б.

  2. Үрмелі аспаптар: сыбызғы, керней, сазсырнай, үскірік, ысқырауық т.б.

  3. Ұрып ойнайтын аспаптар: дабыл, дауылпаз, даңғыра, мүйіз, тұяқтас т.б.

  4. Сілкіп ойнайтын аспаптар: асатаяқ, қоңырау т.б.

Әдебиеттер:

  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 1-2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

2. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.
10 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Балалар сазгерлері

Дәріс мазмұны: 1. И.Нүсіпбаев шығармашылығы

2. Ә.Еспаев әндері

3. К. Дүйсекеев шығармашылығы

И.Нүсіпбаев әндері: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!», «Қызыл жалау», «Ойыншықтар», «Мектеп полькасы», «Домбырасыз сән қайда», «Дос болайық бәріміз», «Кел билейік», «Мұғалім ол біздің», «Анадай асыл мектебім», «Жарқын жүзді ұстазым», «Шырша» т.б.

Ә.Еспаев әндері: «Ортеке», «Бақытты балалық шақ» т.б.

Б.Ғизатов әндері: «Біз өмірдің гүліміз», «Төлдер», «Әліппе» т.б.

К.Қуатбаев әндері: «Көктем», «Ел қорғауға әзірміз», «Ақ әжем», «Каникулда» т.б.

К.Дүйсекеев «Ана», «Жау-жау жаңбыр» т.б.


Әдебиеттер:

1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы, 1968.

2. И.Нүсіпбаев Балалар әндер жинағы. Алматы.
11 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Балалар сазгерлері. Б.Ғизатов.

Бисенғали Ғизатов – Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), қАЗкср-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991). 1953ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін (А.Жұбанов, Л.А.Хамиди дәріс алған) бітірген соң ҚазКСР-і Министрлік кеңесі жанындағы көркемөнер басқармасында және Алматы музыка училищесінде (1953-57) қызмет етті. 1957-63ж «Жазушы» баспасында музыкалық редактор болады. 1966-91ж ҚРҰҒА –ның Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінде кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, ал 1991 жылдан республикалық дәрежедегі зейнеткер. Ұстазы Л.Хамидимен бірігіп шығарған «Домбыра үйрену мектебі» (1983)атты еңбегі және «Мектептегі ән-музыка сабағы» (1994) атты жарық көреді.

Оның балаларға арнап жазған «Төлдер», «Әліппе», «Біз өмірдің гүліміз», «Біздің ән», «Көңілді ән», «Анамызға мың алғыс» сияқты әндері балалар аузында жатталған.

Бірінші сыныпта үйретілетін Ж.Өмірбековтың сөзіне жазылған «Төлдер» әнін алып талдап көрейік.

1. «Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?


  1. Секең-секең, ей, лақ,

Жүрмін саған кеіп-ақ.

Тыным тапсаң, болмай ма,

Секірмей-ақ, кей уақ!


  1. Ботақаны нардың

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың»,- өлең сөздері арқылы мұғалім балалардан

төрттүліктің қандай түрлерін білетінін сұрап, төрттүлік балаларын қалай атайтыны туралы түсінік беріп, суреттерін көрсетеді. Ән сіңімді және балаларды жалықтырып алмауы үшін қимылмен үйретеміз.



Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 4 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

2. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 4 сыныпқа арналған. Алматы, 1998

12 Дәріс



Дәріс тақырыбы: К.Қуатбаев әндері.

Дәріс мазмұны: 1.К.Қуатбаев өмірі

2.Сазгер әндеріне сипаттама.



Мақсаты: Сазгердің әндерімен таныстыру.

Шығармаларының көбін балалар әндеріне арқау еткен композитордың бірі - Күнсайын Қуатбаев. Оның мектептегі пәндерді таныстыруға арналған «Ән сабағы», «Сурет сабағы», «Есеп сабағы», «Әлі оқып жүр ақылдың» әндері бар. Табиғат, Отан, жыл мезгілдеріне арнаған «Моншақтар», «Көктем», «Біз –туған ел баласы», «Ел қорғауға әзірміз», «Саяхатта», «Жарқын жаз» әндерін айтуға болады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

Сазгердің әндерін ата?

Әндерінің тақырыптық мазмұны қандай?

Әндеріне аннотация бер.



Әдебиеттер: [2 ]; [14 ]; [ 15];
13 Дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Интегративтік оқыту технологиясы

Мақсаты: Интеграция сөзін ашып, интеграцияланған сабақтарды оқыту.

Кілттік сөздер: Интеграция.

Дәріс мазмұны:

1. Интегративтік оқыту технологиясына сипаттама

2. Өнер пәндерін интеграциялап оқыту технологиясы

Латынша «integratio» сөзінің қазақша мағынасы қайта құру (восстановление), толықтыру (восполнение), педагогика және психологиялық қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «қалпына келтіру»/ / дегенді білдіреді.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғырту» міндеттері көзделген /10, 2б/.

Білім берудің құрылымы мен мазмұны жаңартылып, оқу орындарының жаңа түрлері мен үлгілері пайда болуымен қатар, білім берудің саралануы мен интеграциясы күшеюде.

Мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі /11/.

Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі.

Оқыту мен тәрбиелеудегі сабақтастық, пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға ұлы педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б. бастау салып, әрі қарай ғалымдар М.Н.Берулова, Н.К.Виноградова, Л.С.Выготский, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, В.Н. И.А.Лошкарева, И.Л.Лернер, В.Н.Максимова, Н.В.Малахов, Н.Н. Светловская, Ю.С.Тюнников, т.б. зор үлестерін қосты. Бұл педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінде интеграция жан-жақты қарастырылып, пәнаралық байланыстың оқу-тәрбие үрдісіндегі ролін көрсетіп, оқушылардың танымдық қасиеттерінің дамуына тиімді әсер беретін жақтарына тоқталып, шәкірт қызығушылығын тудыратынын дәлелдей білді.

Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін оқу – тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін А.А.Әбдиев, Р.К.Аббасова А.Р.Бектениярова, А.А.Бейсенбава, А. Ерімбетова, Б.Т. Нәбиева, т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграцияның педагогикасының негізін Г.К.Меңдіғалиева, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.М Мұханбетжанова және т.б. қарастырған.

Өнер-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі, өнер және оның түрлері өзінің жақсы үлгілері арқылы адамның рухани мәдениетін байытып, дүниетанымын кеңейтеді. Өнердің қай түрі болмасын ең алдымен түйсік, қабылдауға баса көңіл аудару қажет .

Өнер пәндері арқылы жеке тұлғаны рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, әсерлі тыңдай, қабылдай білуге, көркемдікті, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет.

Әдебиеттер:

1. Педагогикалық психологиялық сөздік

14 дәріс

Тақырып: Күй өнері

Мақсаты: Төкпе және шертпе күйлер туралы түсінік беру.

Кілттік сөздер: Төкпе күйлер. Шертпе күйлер.

Дәріс мазмұны: 1. Төкпе күй мектебі

2. Шертпе күй мектебі

Қазақ музыкасы өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы - ән мен күй. Соның ішінде күй жанрының алар орны бір бөлек.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау» т.б.), тарихи оқиғалар («Ел айрылған», «жеңіс» т.б.), халық мерекелері («Тойбастар», «Мереке» т.б.), жан-жануарлар («Аққу», «Ақсақ киік» т.б.) т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи, арнау, лирикалық және психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Төкпе күйлер – бұл күйлер көбінесе Батыс Қазақстанда, кіші жүз қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей шабыс, ат тұяғының сатыры естілгендей болады. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне әсер етуі хақ. Мысалы, «Нарату», «Бөгелек», «Адай», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер.

2. Шертпе күйлер-қазақтың күй жанрының ішіндегі көп тараған күйлерінің бірі. Екі ішектен қос дауыстың мүмкіншілігін жеке-жеке пайдаланып, нәзік нюанстар, әсем қағыстарға, сыршыл лиризмге толы көптеген күйлер топтастырады. Шертпе күйлер мектебін қалыптастырушылар Тәттімбет, Тоқа, т.б. және бұл өнерді әрі қарай жалғастырушылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Мазмұны мен тақырыбына қарай күйлер қалай бөлінеді?

  2. Қандай күйлерді арнау күйлерге жатқызамыз?

  3. «Ақсақ киік» күйі туралы не білесің?

  4. Күй жанры дегеніміз не?

  5. Күйдің қандай түрлері бар?

  6. Шертпе күй мен төкпе күй дегеніміз ?

  7. Шертпе күйлерге қандай күйлер жатады?

  8. Төкпе күйге қандай күйлерді жатқызуға болады?

  9. Төкпе және шертпе күй өнерінің негізін қалаушы қандай күйшілерді білесің?

Әдебиеттер:

1. Құрманғазы. Сарыарқа. Алматы.

2. Е.Үсенов Домбыра үйрену мектебі. Алматы

3. Тастанов Домбыра үйрену.

4. Ө. Спанов Домбыра үйренейік. Қазақ орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Алматы, «Әуен» 1992.

5. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.

6. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры: Көпшілік қауымға арналған. Алматы: Ана тілі, 1994. /10-16/

15 дәріс



Тақырып: Сыныптан тыс музыкалық тәрбие

Дәріс мазмұны:

1. Сыныптан тыс музыкалық тәрбие түрлері

2. Балалар мейрамдары мен бос уақыттары

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық, сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Ең бастысы-мектептегі сабақтарда сыныптан тыс және мектептен тыс уақытта, мұғалім мен оқушының өзара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек деп көрсетілуі орынды.

Сыныптан тыс жұмыстар сабақтан тыс уақытта жүргізілетін болғандықтан, ол оқушының бос уақытын пайдалы іспен толтыру мәселесіне жатады. Ал қазіргі кезде оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануы бүкіл әлем педагогтарын қатты толғандырып отыр, өйткені оқушының жақсы өсуіне, дүниетанымы қалыптасып білімнің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына, оның бос уақытында сапалы, пайдалы, түрлендіре ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор.

Оқушылардың сыныптан тыс бос уақыттарында өткізілетін жұмыстар түрлері өте көп. (Кесте-1)

Мектептерде сыныптан тыс уақытта жүргізілген тәрбие жұмыстары ТМД ғалымдары Р.Ф. Родионов, Г.Ф. Суворовтың, Л:П.Чижникованың, Н.И. Бодлырев, Пидкасистый және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан /6/

Қазақстандық ғалымдар Қ.Құнантаева, Т.Сабиров, К.Б.Бозжанов, М.Таникеев т.б. еңбектерінде сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері мен өткізілу ерекшеліктеріне тоқталады.

Мектепте музыкалық тәрбие берудің сан алуан түрлері бар. Қазіргі кездерде мектептегі тәрбие беру мәселесінің танымды түрі - сыныптан тыс тәрбие беру, оның ішінде үйірме жұмыстарын жүргізу. Бұл мәселелер төңірегінде зерттеуші-педагогтарымыз өз еңбектерін қалдырып кетті. Хор үйірмесі. Вокалдық хор. Аспапта ойнау (домбыра).

1-кесте Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақытын ұйымдастыр мазмұнының моделі


Сыныптан тыс жұмыстар







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет