Балалар аурушаңдығын және балалар өлімін азайтудың негізгі қоры: - 1) жүкті әйелдерге жүрізілетін алдын алу жұмыстарының сапасын жақсарту; 2) жанұяны жоспарлау бағдарламасын жүзеге асыру; 3) тұқым қуалайтын және туа пайда болатын ақауларға диагноз қою үшін пренатальдық орталықтар құру және оларды жетілдіру; 4) бедеулік пен түсік тастау мәселелерін шешу, шала туғандардар күтімін жетілдіру.
Жас нәрестеге дәрігер-мейірбикелік біріншілік патронаж кезінде дәрігер-педиатр төмендегі мәселелерді шешуі керек: - 1)жанұялық, генеалогиялық, биологиялық және әлеументтік анамнездерін жинау; 2) перзентханадан берілген жас нәресте тарихынан көшірмеге талдау жасап, барлық перинатальдық қауіп факторларын және ерте неонатальдық кезеңнің ағым ерекшеліктерін бағалау; 3)балаға барлық ағзалар мен жүйелері бойынша толық объективті зерттелер жасау; 4) балалардың денсаулық жағдайын жиынтықты бағалау, денсаулық тобын және жас нәрестелер қауіп топтарын анықтау; 5) жас нәрестенің денсаулық тобын және қауіп топтарын ескере отырып бақылау жоспарын құру; 6) жас нәрестенің күтімі, күн тәртібі және тамақтандыру жөнінде ұсыныстар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |