Көркем сөз. «Отан туралы» М.Мақатаев –Берік Айасыл
3-кезең.«Төрт жұмбақ».
Бұл сайысымызда негізгі 4пәннен сұрақтар беріледі,ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды.
Қазақ тілі.
1.Сол жақтағы 30.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді және оларды ата. (3-ке:қатаң,ұяң,үнді)
Әдебиеттік оқу.
2.Ортадағы 30. «Не үшін» кімнің өлеңі? (Қадыр Мырза Әли)
Математика.
3.Оң жақтағы 30. Азайту амалының компоненттерін ата. (азайғыш,азайтқыш, айырманың мәні)
Дүниетану.
4. Сол жақтағы 40. Көкжиектің неше тұсы бар,оларды ата. (4 тұсы: солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)
Қазақ тілі.
5.Ортадағы 40. Сөйлем неден құралады? . (сөзден)
Әдебиеттік оқу.
6. Оң жақтағы 40. Аңыз деген не? (аңыз дегеніміз-тарихи адамдар жайында айтылатын әңгімелер)
Математика.
7.Сол жақтағы 50. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1стақандағы сүтті ішіп,стақанды үстелге қойды.Үстел үстінде неше стақан қалды? (5)
Дүниетану.
8.Ортадағы 50. Өсімдіктің жер асты мүшесі. (тамыр)
Қазақ тілі.
9.Оң жақтағы 50.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
Әдебиеттік оқу.
10.Төмендегі 60. Ертегі деген не? (ертегі-көне заманнан бүгінге дейін жеткен ауыз әдебиетінің асыл қазынасы )
Үшінші сайыстың қорытындысын шығара отырып,аз ұпай жинаған 3сайыскеріміз ойыннан шығарылады.Қол соғып шығарып салайық.
Достарыңызбен бөлісу: |