4 -кезең.«Жорға»сайысы.
Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Менің қолымда 15сұрақ бар.Соған тез жауап беруіміз керек.Әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан.
1.Әнұран авторы кім? (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)
2.Біз қай облыста тұрамыз? (Б.Қ.О.)
3.Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? (А.Құнанбаев)
4.Б.Қ.облысының орталығы қай қала? (Орал)
5.Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)
6.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді және оларды ата. (2-ге:жуан,жіңішке)
7.Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (күн,қалықтаған қыран)
8.Көктемде алғашқы шығатын гүл? (бәйшешек)
9.Қазақ әліппесін және алғашқы оқу құралын жасаған кім? (А.Байтұрсынов)
10.Адам немен тыныс алады? (ауамен)
11.Көне заттарды сақтайтын орын. (мұражай)
12.Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
13. 42әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
14.Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
15.Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)
Көркем сөз. «Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев –Ақанқызы Сезім
Қорытынды.
Міне,біз «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушы ларымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
Жеңімпаз сайыскерлерді марапаттау.
Хор.«Қазақстан бақытты ».
« Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын.Еліміздің ертеңі,тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің
жалауы ешқашан еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен сайысымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |