БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылы
Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аймағамбетова Кенжегүл Бисенбайқызы
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы Мақсаты:1.Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа,ізденімпаздыққа жетелеу,ой-өрісін ,тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. 2.Елін,жерін,оның дәстүрін сыйлауға,тәрбиелі,білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. 3.Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылы ғын ояту. Түрі:сайыс сабақ Көрнекілігі:білім туралы қанатты сөздер Әдісі:сұрақ-жауап Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,әдебиеттік оқу,математика,дүниетану Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.«Шаттық шеңбері»
Құрметті:білім сайысына қатысушы сайыскерлер және ұстаздар!Білім сайысына қош келдіңіздер! Өмірдің өзі адамды тірестірген, Бірі жаңа, сайыстың бірі ескірген. Айнала отырып ап иісі қазақ, Азаматын өзара күрестірген.
Ал,ендеше,біз бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін,ептілігін сарапқа салатын боламыз. Сайыс шартымен таныстырып өтейін.Сайыс 4кезеңнен тұрады.Сайысқа сынып оқушылары түгел қатысады. 1,2,3-кезеңнен кейін ұпайы аз 3 оқушымен қоштасамыз. 4-кезеңге 4оқушы барады. 4сайыскердің 1-еуі,яғни ұпайы көп сайыскер жеңімпаз атанады. Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса,озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау.
Ендеше сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамын.
Енді сайыскерлердің білімдеріне баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстырайын.
Шын жүйріктер сыналады жарыста, Жарыстың ба,орта жолда қалыспа. Әділқазы бағалайды сіздерді, Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?
Сонымен,оқушылар,іске сәт!Сайысымыздың шарты бойынша «Бәйге» кезеңін бастаймыз.Бұл кезеңде 10сұрақ беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10ұпайдан беріледі.Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса,онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын өзім айтамын. 1-кезең.«Бәйге» сайысы. 1.Қай жылы,қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? (1991ж16желтоқсан) 2. 1 тәулікте неше сағат бар? (24сағат) 3.Рәміздерді ата. (ту,елтаңба,әнұран) 4.«Кел,балалар,оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин) 5.Үш биді ата. (Қазыбек,Төле,Әйтеке би) 6.Екіні өз өзіне неше рет қосқанда 10 шығады? (5рет) 7.Мәтіннің неше түрі бар және оларды ата. (сипаттау,пайымдау,әңгімелеу) 8. 1сағатта неше минут бар? (60 минут ) 9.Абай Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим) 10.Ең үлкен бір таңбалы сан. (9) 11.Ұлыстың ұлы күні қашан? (22 наурыз) 12. 1жылда неше жыл мезгілі бар? (4; қыс,көктем,жаз,күз ) 13.ҚР-ның мемлекеттік тілі? ( қазақ тілі)
Бірінші сайыстың қорытындысын шығара отырып,аз ұпай жинаған 3 сайыскеріміз ойыннан шығарылады.Қол соғып шығарып салайық. 2-кезең. .«Тіл-өнер» . «Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтел не жұмбақтың шешімін тауып,сол сөздің орысша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай беріледі. Мақал:1.Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол. (атаның -дедушка)
2.Кім басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос -друг)
3.Нешеу ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді. (алтау -шесть)
4.Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала -мальчик)
5.Ас атасы-не? (нан -хлеб)
Жұмбақ :1Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде. (қалам -ручка)
2.Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап -книга)
3.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. . (бор -мель)
4.Білімнен мол сый асы
Балғындардың ұясы. (мектеп -школа)
5.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (қар -снег)
Екінші сайыстың қорытындысын шығара отырып,аз ұпай жинаған 3сайыскеріміз ойыннан шығарылады.Қол соғып шығарып салайық.
Достарыңызбен бөлісу: |