Екінші және үшінші кезеңдерде ойластырылған жоспарды жүзеге асыру орындалады. Зерттеумен қатар нақты істердің де көрініс тапқаны маңызды. Мысалы, қайырымдылық шаралары, еңбек десанттары, ардагерлерге, балалар үйінің балалары мен жалғызбасты адамдарға арналған концерттер мен қолөнер бұйымдары. Бұл іс-әрекетке отбасы мүшелері, достар, таныстар және қатысуға ниет білдірген барлық еріктілерді тартуға болады. Оқушылардың зерттеушілік және практикалық іс-әрекеттің өзара байланысын түсінгендері өте маңызды, себебі практикалық істер де зерттеу алаңы болып табылады. Өзінің күш-жігерін жұмсау нәтижесінде адам өзінің ішкі көңіл-күйін, толқулары мен қуаныштарын, істеген ісімен қанағаттануын бағалай алады және өзін-өзі тани алады.
Төртінші кезең – қорытынды. Жоба материалдары жалпыланады және жүйеленеді, жобаны презентациясы әзірленеді. Жобаны қорғау оның орындалу нәтижелерін таныстырумен сипатталады. Ол бейне-ролик, фотоколлаж, түрлі-түсті безендірілген кітап, қабырға газеті, қойылым көрсету арқылы көпжанрлы композициялар, өз шығармасындағы туындыларды орындау, рухани-адамгершілік мазмұндағы әндерді шырқау арқылы көрсетілуі мүмкін. Бұған барлық отбасы мүшелері қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетсе болады.
Жобаны қорғау немесе презентациялау соңғы сабақтарға белгіленген және өзін-өзі тану мерекесі ретінде қарастырылады, оған қонақтар, мұғалімдер, оқушыларды отбасы мүшелері, достары және жобаны іске асыруға қол ұшын созған адамдар шақырылады. Атаулы естелік сыйлықтар әзірлеу, ізгі тілектер ойластыру ұсынылады.
Мұндай тәсіл бағдарламалық материалды меңгертіп қана қоймай, отбасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |