Шығармашылық іс-әрекет – Өзін-өзі тану сабақтарының маңызды бөлігі. Сурет салу, жазба жұмыстары, коллаждар жасау, шағын жобалау жұмыстары, өлең шығару, сахналау және т. б. әр түрлі жеке және ұжымдық қызмет түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың ынтымақтастық, өз пікірін айта білу, өз күштері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімділік қалыптастырады, жауапкершілік пен дербестік сезімін тәрбиелейді. Ата-аналарға баламен бірге шығармашылық қызметтің жасау ұсынылады, мүмкін, отбасылық шығармашылыққа да өз үлесін қосар.
Кейде оқушыларға берілген немесе ойлап тапқан оқиға бойынша көрініс қою ұсынылады. Бұл сабақ мазмұнын тиімді қабылдауға ықпал етеді. Сахнаны отбасы мүшелерімен де ойнауға болады, бұл ынтымақтастыққа, шығармашылыққа ықпал етеді. Дайын шешімі жоқ жағдаяттарды ойнату қызықты болып табылады. Оның шешімін табу және оны ойын түрінде ұсыну – отбасылық пікірталас ұйымдастыруға себеп болады.
Осылайша, өзін – өзі тану сабағы-бұл оқушы ғана емес, оның отбасы мүшелерін де зерттеуге арналған алаң. Бірлескен шығармашылықта, ынтымақтастықта, адам өмірінің ең маңызды сұрақтарына жауап іздеуде оқушы жаңалықты қызықты түрде танып қана қоймай, өз отбасының лайықты мүшесі, белсенді өмірлік ұстанымы бар, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын тұлға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |