«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты Ата-аналарға арналған нұсқаулық



бет10/17
Дата21.12.2021
өлшемі174,5 Kb.
#104612
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Ата-аналарға арналған нұсқау

Әңгімелеу (оқиға айту)-бұл өмір тарихы, ертегі, әңгіме болуы мүмкін. Мұғалім мәтін мазмұнын тақырып бойынша ауызша әңгімелеп айту арқылы жеткізеді. Оқиғаны әңгімелеп айту кезінде оқушылар тыңдау мен естуге, сезіну мен түсініп-түйсінуге, ойлану мен пайымдауға үйрене отырып, руханилыққа терең бойлап, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді. Мәтін мазмұнындағы өмірлік құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәні дәріптеледі. Мәтін кейіпкерлерінің іс-әрекетінің адамгершілік негіздерін талдап, талқылай отырып, өзі, қоршаған орта, жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы туралы ой толғайды, оқушылар өз тұжырымдарын жасайды.

Мұғалім сабақта айтқан оқиғаны ата-аналар «әңгімелеу» айдарының сұрақтарын пайдалана отырып, оқушылармен талқылай алады. Мұғалім әңгімелейтін мәтіндер "оқу" айдарында орналастырылған және кешкі үйдегі оқуларды өткізуге себеп болуы мүмкін.



Әңгімелесейік-бұл тақырып мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтар мен жауаптар түріндегі тірі қарым-қатынас түрі. Әңгіме барысында оқушылардың ой-өрісі, нақты жағдайлар мен іс-әрекетке деген көзқарасы дамиды. Сабақ барысында мұғалім ата-аналарды қызықты сұрақтарды талқылауға шақыра алады, әсіресе, олар өзінің жеке тәжірибесіне жүгінсе.

Бұны кешкі шайдан кейін де, үстел үстінде де, кешкі серуендеу кезінде де орындауға болады. Адамгершілік-рухани даму мәселелері әрбір адам үшін маңызды, өйткені ол өмірді қызық әрі мазмұнды етеді.



Тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіреді және меңгерілген ұғымдар мен біліктерді бекітеді. Осы әдістің көмегімен оқушылардың жеке тәжірибесіне оқу материалын жобалау жүзеге асырылады. Тапсырмалардың арқасында оқушылар құрдастарымен және отбасы мүшелерімен оң қарым-қатынас жасау өмірлік дағдыларын меңгереді, қиын жағдайларда адамгершілік шешімдерді табуға үйренеді.

Ата-аналар да сабақ барысында ұсынылған тапсырмаларды орындап, балаға алған нәтижесін өздерімен салыстыруды ұсына алады. Бұл кезде жаңа жаңалықтар үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет