І топ: «Бала Қаныш»
Бала кезінде тас сырына үңілген Қаныштың ертеңгі геолог екенін ұстаздары сол кезден – ақ болжаған. Сабаққа өте зерек болған. Суретті де жақсы салған екен. Ол жайлы ақын Дәулетбек Сағатұлы «Бала Қаныш» атты өлеңінде былай деп толғайды:
Қарауытып қалды артта алыс қала
Көз алдында көлбеңдейді таныс дала,
Шүмек – шүмек тері тамшып келе жатты
Жол қапшығын арқалап Қаныш бала.
Барар жері жақын ба, алыста ма,
Құр бекерге білекті түрмеп еді.
Ашылмаған ғажайып, жұмбағы мол
Алуан – алуан тас сырын білмек еді …
Қанат бітіп, қатайып жас жырына
Айға атылған қарамай жастығына
Келе жатты қағылез қара бала
Он үшінде үңілген тас сырына.
ІІ топ: «Студент Қаныш – болашақ геолог»
Ол 1921 жылдан бастап, Томск технология институтының «Палеонтология және тарихи геология» бөлімінде оқып, қазақтан шыққан тұңғыш академиктің жолы да осы кезден басталса керек. Кейіннен ол кісінің 740 еңбегі бар екенін, мыңнан астам ғылыми жұмыстардың жетекшісі болғанын білдік. Бұл біз үшін үлкен – жаңалық.
Дала – Қаныш, ауылдар, қала –Қаныш,
Бала Қаныш көптігі дара жарыс
Бәріне де солардың дем береді,
Күлім қағып, жол сілтеп, дана Қаныш.
Шығыс жақтан қызыл мыс таң кіреді
Бірге келер Сарыарқа нәрлі лебі,
Кен иесі – Қанекем, жер иесі,
Жезқазғаным – Қаныштың жан жүрегі.
ІІІ топ: «Қаныштың бойындағы ерекше қасиеттер»
Елге сыйлы Қаныш қарапайым, кішіпейіл, жанашыр, үлкендерге демалысында сәлем беріп тұратынын біз бұрыннан білетінбіз. Жаяу Мұса ақын – нағашысы болып келеді. Сол кісі ауырып қалғанда көңілін сұрап барады. Сырқаттанып жатқан қарт ақын, оған «қыранды ал» деп сыйға тартады, қанша қызығып тұрса да Қаныш алмайды.
Көрген жоқ Қаныш өз басын ғана ойланып
Отырған емес жан күйттеп титтей жайланып,
Күн сайын тастар шағылып, қанттай жататын
Күн ұзақ алмас қашаулар тынбай қайралып,
Далаға Қаныш, Қанышқа дала жарасқан
Қосылған талай, қоштасқан талай тарасқан,
Қондырамын деп, дәм беремін деп үйінен
Талайын көрдік қазақтың оған таласқан.
ІV топ: «Қаныштың қиялындағы қала»
«1936 жылдың шілде айы. Шаңқай түс. Кеңгірдің Наушабай аталатын төменгі саласында жайлауда отырған Бекболат ауылының үлкен – кішісі үй сыртынан естілген автомобиль гүріліне елеңдеп есік алдына жүгіріп шыққан: кішкене фордигін зыр қақтырып тағы да келіп қалған Сәтбаев екен, жалғыз емес, қасында бір топ кісілері бар…
— Қаныш шырағым, сен өзі кейінгі кезде біздің Наушабайға келуді жиілетіп барасың. Күн құрғатпай десем өтірік болар, әйтеуір биыл сағындырмай соғып жүрсің. Немене, мұның да астынан бірдеңе таптың ба? – деп сұрады Әбдірахман қарт тегене толы қымызды алдына ала беріп.
— Мұның кереметі астында емес, үстінде болайын деп тұр, Әбе. Шынымен білгіңіз келсе, ауыл адамдарын шақыртыңыз. Наушабайда енді бірер жылда қандай өзгеріс болатынын айтып берейін .Мына кісілер соның жобасын жасауға келген мамандар, москвалық жігіттер, — деп Қаныш Имантайұлы қасындағы серіктерін таныстырды.
Бәрі жиналған соң:
- Бұл жерге менің анық білетінім – нақ осы дөңеске, сіздің ауыл қонып отырған биік жарқабақтың үстінен үлкен қала салынады …
… Бұл Қазақтың Қанышының қиялында туған қала 18 жылдан кейін қала мәртебесін алған бұрынғы Кеңгір поселкесі, қазіргі Жезқазған қаласы еді … »
Достарыңызбен бөлісу: |