«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты Ата-аналарға арналған нұсқаулық


Жобалық қызметке қызығушылықтың болмауы - не істеу керек?



бет7/17
Дата21.12.2021
өлшемі174,5 Kb.
#104612
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ата-аналарға арналған нұсқау

Жобалық қызметке қызығушылықтың болмауы - не істеу керек? Баламен сөйлесіп, онымен бірге мұғалімнің тапсырмаларын орындау. Өзін-өзі тану бойынша тапсырмалардың көпшілігі жақсы істерді орындауға, адамның, оның отбасының, ол оқитын ұжымның игілігі үшін бағытталған.

Қашықтан оқыту жағдайында табыстың басты шарты-оқушымен ынтымақтастық, балаға деген терең сенім




  1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар»

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады.

Егер бастауыш сынып (1-4) оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға «сынақ» қойылады.

Негізгі және орта мектепте (5-11-сыныптар) оқушы бағдарламада көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындаса және ұзақмерзімді жобаны орындау негізінде оқушыға «сынақ» қойылады.

Әр сынып үшін оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ұсынамыз.


1-сынып

Оқушылар 1-сыныптың соңында:




  • жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсініктері бар;

  • бағдарламада көлемінде анықталған Қазақстанның және басқа халықтардың рухани мұраларын біледі;

  • сабақтағы нақыл сөздерді, рухани-адамгершілік мазмұндағы өлеңдерді жатқа біледі

  • сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай алады;

  • мектеп оқушысының құқығы мен міндеттерін біледі және түсінеді.

  • адамдарға, табиғатқа, қоғамдық меншікке ұқыпты және саналы қарайды;

  • денсаулықты сақтауға арналған жақсы ойлардың мәнін түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады.



2-сынып

Оқушылар 2-сыныптың соңында:




  • жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктері бар;

  • бағдарламада көлемінде анықталған Қазақстан және басқа халықтардың рухани мұраларын біледі;

  • бағдарламада анықталған сабақтағы нақыл сөздерді, рухани-адамгершілік мазмұндағы өлеңдерді жатқа біледі;

  • адамдарға, табиғатқа, қоғамдық меншікке ұқыпты және саналы қарайды;

  • адалдық және ақкөңілділік, қайырымдылық, адамдарға құрметпен қарау сияқты адамның жағымды қасиеттері туралы түсініктері бар;

  • салауатты өмір салтын құрудың мәнін түсінеді;

  • басқа адамдармен татулықта өмір сүру маңыздылығын ұғынады;


3-сынып

Оқушылар 3-сыныптың соңында:




  • еңбек, өзара түсіністік, ақжарқындық, оптимизм, қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік патриотизм, шығармашылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғынады;

  • істер мен әрекеттерде жауапкершілік таныта алады;

  • салауатты өмір салты ережелерін біледі;

  • шығармашылық іс-әрекеттер арқылы өз ойлары мен әсерлерін жеткізе алады;

  • адамдарға мұқияттылық және құрмет көрсете алады, өзіне құрметті, жақындары мен туғандарына қамқорлық көрсете алады;

  • туған өлкесінің табиғатына мұқият қараудың маңыздылығын түсінеді;



4-сынып

Оқушылар 4- сыныптың соңында:





  • ұжым, азамат, дәстүр, жауапкершілік, батылдық, шешімділік, ар-ұждан, әділеттілік ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғады;

  • сезімінің ұмтылысын көрсете алады, өзінің эмоционалдық күйін ажырата алады; жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тыя алады;

  • тәртіптің этикет нормаларын біледі, сыртқы түр мәдениетін сақтай алады;

  • физикалық дамудың қажеттілігін түсінеді;

  • оқуға арналған кітаптарға саналы таңдау жасай алады;

  • қарым-қатынас ережелерін біледі; топта, сыныпта, таныс емес адамдармен жағымды, өзара достық қарым-қатынас жасай алады;

  • қоршаған ортаға қамқорлық таныта алады, табиғи қайнар көздердің тазалығын сақтай алады.



5-сынып

Оқушылар 5-сыныптың соңында




  • жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады;

  • жыл бойы өмір үлгілері қарастырылған адамзаттың рухани ұстаздарының өмірі мен шығармашылығын біледі;

  • өзінің жеке тұлғалығын сезінеді, өзгелердің жеке тұлғалығына құрметпен қарайды;

  • басқа адамдармен ынтымақтастық және келісім негізінде қарым-қатынас жасауға тырысады;

  • ақиқат пен жалғанның, мәңгілік пен уақытшаның аражігін терең пайымдайды және ажырата алады;

  • зиянды әдеттерден аулақ болады;

  • өздігінен білім алуға және шығармашылыққа қызығушылық танытады, өзін-өзі көрсете білуге ұмтылады;

  • достық пен қарым-қатынасты бағалай біледі, басқа адамға шыдамдылық, ықылас таныта алады;

  • дербес шешім қабылдай алады;

  • басқа адамдардың ар-намысына тиместен, өз көзқарасын қорғай алады.



6-сынып

Оқушылар 6-сыныптың соңында:





  • жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады;

  • адамзаттың рухани ұстаздарының өмірі мен шығармашылығын біледі;

  • әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік танытады, өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алады;

  • ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете алады;

  • салауатты өмір салтының мәнін түсінеді, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысады;

  • өз уақытын жоспарлай алады;

  • өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытады;

  • терең пайымдау жасап, ақиқат пен жалғанның, мәңгілік пен уақытшаның аражігін ажырата алады;

  • достық пен қарым-қатынасты бағалай біледі, шыдамды және кешірімді бола алады;

  • түрлі жағдайларда өзін лайықты және жауапкершілікпен ұстай біледі; өзінің эмоциялық күйін басқара біледі және кері эмоциялары мен тілек-қалауларын тыя алады;

  • дербес және жауапты шешім қабылдай алады және оны негіздей алады;

  • басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына, ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады.



7-сынып

Оқушылар 7-сыныптың соңында:




  • жалпыадамзаттық құндылықтардың қажеттілігін ұғынады және оларды өз өмірінде басшылыққа алуға тырысады;

  • рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, азаматтық ұстаным, жағымды ойлау, өмір үйлесімділігі, азаттық, шығармашылық, өмір мәні - ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғынады;

  • өз эмоционалдық және психикалық жағдайларын басқара алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерінің көрінуіне тоқтау жасай алады;

  • салауатты өмір салтына септігін тигізетін физикалық жұмыстың әр түрін орындай алады;

  • қоршаған орта сұлулығы мен адамды бағалай біледі; оларға деген көзқарасын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетеді;

  • өзіндік мақсаттарын айқындап және оларға рухани-адамгершілік ережелеріне сәйкес жету мүмкіндіктерін біледі;

  • мәдениеттің, салт-дәстүрдің, өз елінің және басқа да халықтар тілінің маңызын түсінеді;

  • жағымды қарым-қатынас орнатудың құндылығын түсінеді, өзіне бағалау жүргізе алады және оны мұғалімнің, құрдастарының, жақындары мен туыстарының бағалауымен салыстыра алады;

  • әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, өз бетінше шешім қабылдай алады.



8-сынып

Оқушылар 8- сыныптың соңында:




  • жалпыадамзаттық құндылықтардың қажеттілігін ұғынады және оларды өз өмірінде басшылыққа алуға тырысады;

  • даналық, адалдық, келісімге келу, шындық, бақыт, өмір, сүйіспеншілік ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғынады;

  • адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, оның іс-әрекетін және ниетін ажырата алады;

  • өз эмоционалдық және психикалық жағдайларын басқара алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерінің көрінуіне тоқтау жасай алады;

  • салауатты өмір салтына септігін тигізетін физикалық жұмыстың әр түрін орындай алады;

  • қоршаған орта сұлулығы мен адамды бағалай біледі; оларға деген көзқарасын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетеді;

  • өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мәнін түсінеді, өз алдына және ұжымда еңбектене алады;

  • өзіндік мақсаттарын айқындап және оларға рухани-адамгершілік ережелеріне сәйкес жету мүмкіндіктерін біледі;

  • мәдениеттің, салт-дәстүрдің, өз елінің және басқа да халықтар тілінің маңызын түсінеді;

  • жағымды қарым-қатынас орнатудың құндылығын түсінеді, өзіне бағалау жүргізе алады және оны мұғалімнің, құрдастарының, жақындары мен туыстарының бағалауымен салыстыра алады;

  • қоғамға лайықты тәртіп ережелерін сақтай алады;

  • әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, өз бетінше шешім қабылдай алады.


9-сынып

Оқушылар 9-сыныптың соңында:




  • жалпыадамзаттық, этномәдениеттік және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын түсінеді;

  • өз мүмкіндіктерін тануға тырысады;

  • өз ойларына, сөздеріне және іс-әрекетіне деген жауапкершілігін сезінеді;

  • зорлық пен қаталдық орын алған жағдайдағы жағымсыз зардаптарын біледі;

  • өмірдегі ғажайыпты, асқақты, қайғыны және күлкіліні ажырата алады және оған өз көзқарасын білдіре алады;

  • өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады;

  • болашақ мамандығын саналы таңдаудың маңыздылығын түсінеді;

  • өзінің жеке уақытын есептеп, бақылай алады;

  • қалауы мен мүмкіндіктерінің шегін біледі, қалауын материалды, материалды емес тұрғысынан ажырата біледі;

  • өмірдегі өзара көмек көрсетудің мәнін түсінеді;

  • азаматтық болмысты ұғынуға тырысады, қазақ және басқа да тілдерге, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлеріне құрмет көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет