Бөгетсай мектеп-гимназиясы жанындағы интернат бойынша 19-25 қыркүйек аралығындағы атқарған апталық жұмысының есебі
Жұмыс оқушыларды түгендеуден басталды. Ауырған оқушы Сағындықов Нұрдаулеттің анасын шақыртып, дәрігердің рұқсатымен сабақтан босатып үйіне қайтарылды. Оқушылардың оқу үлгерімдерімен уақытымен жұмыс жасалып отырды. 21 –күні интернатқа Әйтеке би ауданынан екі бала келді Сабырұлы Нұржан және Сабырқызы Ақерке. Бос уақыттарында жоғарғы класс оқушылары қосымша сабақтарына барды, төмен класс оқушылары құмыраға салатын гүлдерді бояды.
Апта соңында интернат бойынша бөлмелерге тазалық жүргізілді. Жексенбі күні Сабырұлы Нұржанның және Темірғалиев Нұрымжанның шашын алып, жалпы оқушылардың тазалығымен жұмыс жасалды.
Тәрбиешілер: Дуйсебаева Н.К.
Разакова А.Ж.
Бөгетсай мектеп-гимназиясы жанындағы интернат бойынша 26 қыркүйекпен 02 қазан аралығындағы атқарған апталық жұмысының есебі
Интернат жұмысы тәрбиеленушілерді түгендеуден басталды. Апта басында оқушылардың сабаққа уақытында баруы қадағаланып отырды. Оқушылардың ұйымдастырумен 30-қыркүйек күні «Шәкірт жанын аялайтын ұстазым!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар ұстаздарына арнап өлең шумақтарын мәнерлі оқыды. Және де ән мен биден өз өнерлерін ортаға сала білді.
Сонымен бірге ұстаз бен оқушы арасында ойын жүргізді. Ойынның шарты көз байлаулы күйде сурет салып түсіндіру.
Нұргүл Қарасайқызы өзінің салған суретінде күн мен гүлдің суретін бейнеледі. Тусіндіру барысында гүл ол өзімнің тәрбиеленушілерім, күн салғаным әрқашанда өмірлері жарқын болсын! - деп тәрбиеленушілеріне өз алғысын білдірді.
Шара соңында тәрбиешілер оқушылармен естелік суретке түсті
Апта соңында оқушылардың тәртіптері, тазалықтары туралы оқушылармен әңгіме жүргзілді. Ауыл балалары ата-аналарымен ауылдарына кетті.
Тәрбиешілер: Дуйсебаева Н.К.
Разакова А.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |