Бөгетсай мектеп-гимназиясы жанындағы интернат бойынша 10-16 қазан аралығындағы атқарған апталық жұмысының есебі
Апта басында ресурстық тірек орталығына келген Оңғар және Абай ауылының 6 класс оқушыларын қабылдадық. 7 ер бала, 3 қыз бала барлығы 10 бала.
Интернат бойынша себепсіз келмеген оқушы болмады. Күнделікті оқушылардың оқу үлгерімдері қаралды. Мектеп психологы Алмагүл Нұрланқызы келген оқушылар және интернат тәрбиеленушілеріне триненг өткізді.
Оқушылар белесене қатысып, өз ойларын ашық айта білді. Тринег көңілді өтті.
Апта соңында іште қалған оқушылардың тазалығымен жұмыс жүргізілді. Оңғар мен Абай ауылынан келген 6 класс оқушыларын ауылдарына шығарып салдық. Сонымен қатар 1-6 класс оқушыларының арасында «Қош бол, күрең күз» тақырыбында суретті сайыс өткізілді.
Оқушылар күз тақырыбында суретті өте тамаша салды. Және суреттері бойынша номинациялар берілді. «Күз келбеті» номинациясын Темірғалиев Нұрымжан, «Көркем сурет» Нұмұханова Сұлужан, 3-орынды Әбдібакиева Мадина, Күндолов Ақниет, 2-орын Сабырұлы Нұржан және 1-орын Кусекеева Аружан иеленіп, мақтау қағаздары табыс етілді.
Тәрбиешілер: Дуйсебаева Н.К.
Разакова А.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |