Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігің екінші элементі болып табылғандықтан оған төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттіліг кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни он сегіз жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында он сегізге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Он сегіз жасқа толғаннан соңтолғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады.
әрекет қабілеттілігін шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орындарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады. Толық, жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі.