БөЖ 1- тапсырма Азаматтардың құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны



бет9/10
Дата25.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#133357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Құқық жүйесі
Документ Microsoft Word (3), емтиханға дайындауға арналған сұрақтар, 5-9 Оқу бағдрламасы, ата-аналар жұмысы-2, эссе -Расцвет городской культуры центральной азии, Қыздармен жумыс

Қорытынды


Сонымен қорыта, келе азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқығының саласы. Ол азаматтық құқықтық қатынастар деп аталатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалармен реттелген қатынастар оның мәнін құрайды. Заттарды сатып алу-сату, сыйлау, заттарды (меншікті) иемдену мүліктік қатынастар.
Сонымен, азаматтық-құқық қатынастарға жеке, заңды тұлғалар қатысады. Сонымен бірге мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер де оған қатысушылар болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға ретінде танылады. Тұтастай алғанда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың (субьектілердің) бәрі құқықтарға ие болу мен міндеттемелер атқару мүмкіндіктері бойынша тең болады.
Субьектілер құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне ие болғаннан кейін азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысады. Құқық қабілеттілігі азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттемелерді алу қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі.
Адамның өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарды алу және жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді белгілеу және оны орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі деп аталады. Ол толықтай көлемінде кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толғанда туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет