Жыландар отряд тармағы (Ophidia). Өзiндiк ерекшелiгi бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесi мүйiздi қабыршақтармен қапталған. Олардың кесiрткелерден негiзгi айырмашылығы аяқтары болмайды, терi бездерi жоқ, төс сүйегi болмайды. Омыртқаларында кiшкене өсiндiсi болады, ол омыртқа тiзбегiне ерекше мықтылық берiп оның тез қозғалуын қамтамасыз етедi. Қабағы түссiз мөлдiр көздi жауып тұрады, ол көздi әртүрлi жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерiнiң кейбiреуi ұзарған (бауыры, жыныс бездерi т.б,), ал қалғандары кiшiрейген немесе жойылған (сол жақ өкпесi т.б.). Қуығы болмайды.
Жақ сүйектерi және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрiздi сүйектер бiрiмен- бiрi қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелiк iрi жануарларды түгелiмен жұтып қоюына мүмкiндiк бередi. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбiреулерi ғана насекомдармен қоректенедi. Жыланның айыр тiлi сезiм қызметiн атқарады. Жыланның жер жүзiнде 2500-дейi бар.
3.Архозаврлар
Архозаврларға қолтырауындар жатады.
Крокодилдер (Crocodilia). Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түрiне қарағанда зор кесiрткенi еске түсiредi. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесi мүйiз қабыршақтармен емес, сүйектенiп кеткен қалқандармен қапталған. Денесi ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келедi. Артқы аяқтарының төрт саусағында жарғақ болады. Төменгi жағының астында, иығының үстiнде және клоаканың маңайында терi бездерi болады. Жүрек қарыншалары толығымен екiге бөлiнген, демек крокодилдердiң жүрегi төрт камералы болады, тiстерi сүтқоректiлердiң тiстерi сияқты, альвеолға орналасқан (жыландар мен кесiрткелерде тiс ұялары болмайды). Крокодилдер- балықпен қоректенедi, жағада құстарға және аңдарға шабуыл жасайтын жыртқыштар. Олардың кейбiреуi адамға да қауiптi. Крокодилдердiң терiсi iрi бұйымдар – чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлi бұйымдар жасауда пайдаланады. Қазiргi уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кiтабына” тiркелген.