БөЖ №1 Тақырыбы: «Бидай дәнінің сұрыптары,кластары және олардың химиялық құрамы» Орындаған: Молдабекова Қ.Қ. Тобы: тх-19-12 Тексерген: Байысбаева М. П. 2021 жыл Жоспар



бет2/7
Дата20.12.2021
өлшемі113,37 Kb.
#103938
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТХ-19-12 Молдабекова Қ. БӨЖ №1

Бидай дәнінің кластары
Бидай — астық тұқымдасына  жататын аса маңызды дәнді  дақыл.

Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің  негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.

Азық-түлік өнімі ретінде  бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні – аса құнарлы  да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып  жеткізу де оңай және оны өңдеп  алуан түрлі өнім алуға болады.

Бидай өнімдері өнеркәсіпте  де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май, клейковина алынады. Бидай сабанынан  қағаз картон, өнер бұйымдарын және басқа да заттар жасалынады. Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып табылады.

Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін  дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары  құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне  байланысты бағаланады.

Бидай біздің заманымызға  дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда  біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын  бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар  бидайды тек тағам ретінде  ғана емес, сонымен қатар емдік  қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың  нышаны ретінде қабылданған, өйткені  ол кезде көбіне қолданылған сұлымен  қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы  өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен  мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.

Сұрпынақарай бидайдың құрамындағы  крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін  жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.

Зерттеу жұмыстары барысында  суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше  есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе  көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің  арқасында өнген бидайды жеу  адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы  дәрумендер өте көп болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет