Дәннің қаттылығы. Жылтыр дән қатты болады. Оның үстіне қатты дәнді жылтыр бидайда негізінен белок пен жақсьг сапалы клейковина (желімтек) көп болады. Нан пісіруге қажетті ұн негізінен алғанда қатты дәнді бидайдан даярланады. Мұндай нан жақсы бағаланады.
Жұмсақ әрі ұнтақты бидайдан да нан пісіреді, ол әсі-ресе пирожное секілді және кондитер тағамдарын даярлауға көп пайдаланылады. Алайда, біздің елімізде бұлайша нақты бөлу жоқ, сондықтан бул мақсаттың қай-сысына болса да әр алуан сорттар жұмсалады.
Осыған орай, біздіңше, селекционерлерге, өнеркәсіп-ші технологтарға бидай сорттарын осынау аса маңызды белғілері бойынша жіктеп ажырататын мезгіл жетті.
Реңі. Бидайдың реңі — оны әсіресе халықаралық саудада әр түрлі товарлы кластарға жатқызатын басты белгілердің бірі болып табылады. Бидай дәні күлгін, көгілдір, әр түрлі қызыл реңді және ақшыл түсті болуы мумкін. Оның реңі тұқым қауызындағы пнгменттерге байланысты.
Қазіргі кезеңдерде зиянкестілерге қарсы күресу үшін 50-ден астам препараттар қолданылады. Олар зиянкестілерді өлтіреді немесе олардың тіршілік функциясын мықтап бүлдіреді.
Өсімдіктің биіктігі (сабағының ұзындығы) генетикалық негізге байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдапларына да тәуелді болады. Өсімдік биіктіғікің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткеыі ол да-қылды жниау әдісі мен оныц ауыр-жеңілдіғі соған да байланысты болады, сонымен қатар оның дақылдың құлал жатып қалуына да қатысы бар. Жерге құлап жатып қалмаптын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.
Биологиялық әдісте адамға қауірсіз саналатын ал кеміргіштер қолдану жолыда жасалып жатыр.
Қорытынды
Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл.
Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні – аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады. Ұнның негізгі тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады.
Әр түрлі типті ұн бөлшектерінің үлкендігі, химиялық құрамы, технологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ұн типтері: нан пісіруге арналған, макарондық, тұтынуға дайын.
Түр мен типтің деңгейіне қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі. Ұн сорты дән ұлпасының арақатынасы мөлшерімен, өңдеу технологиясымен ерекшелінеді.
Ұнның сапасын бағалау әдісі МЕСТ9404-60 көрсетілген. Онда физико-химиялық көрсеткіштері бойынша МЕСТ171-69 сәйкес келуі керек. Қышқылдығы, ылғалдығы, қамырдың тез көтерілуі, сақтауда дрождың мықтылығы. Престелген дрождың сезгіштігі МЕСТ-те қарастырылмаған. Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері.: МЕСТ26574-84«Нан өндірісіндегі бидай ұны.Техникалық талаптар» стандартында көрсетілген. Қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 7045-54 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 704554 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнының сапа көрсеткіштері 12183-6 МЕСТ бойынша бекітілген. Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Jump up↑ Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Дәнді-дақылдар: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-34-9
Достарыңызбен бөлісу: |