Бөж тақырыбы: Ахмет Яссауи кесенесі және Ыстамбул тарихы Қабылдаған : Phd кошенова Г. Орындаған : Тасқұл Ұ. Тобы : Өдз – 212


Ахмет Яссауидің өмірі және сүрген дәуірі



бет2/7
Дата28.02.2023
өлшемі97,42 Kb.
#170555
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ Ұлжан-1

Ахмет Яссауидің өмірі және сүрген дәуірі.
Ахмет Ясауи Оңтүстiк Қазақстанның Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген.
Әкесi Ибраһим сөз қадiрiн түсiнетiн бiлiктi адам болған. Шешесiнiң аты - Қарашаш. Жастайынан жетiм қалып, жоқшылық тақсiретiн шеккен Ахмет Ясауи туыстарының қолында тәрбиеленедi, бала кезiнен Яссы шаһарын мекен етедi. Кейiннен осы қаланың атымен Ясауи атанады.Ол бiлiмдi кезiнде ғылым мен мәдениет орталығы ретiнде даңқы шыққан Түркiстаннан 50 шақырым қашықтықтағы Отырар қаласында жергiлiктi дiнбасы Арыстанбабтан алады. Өзiнiң ана тiлiнен басқа арабша және парсыша сөйлей бiлген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейiн ол Бұхараға барып Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кiрiп дәруiштiк мектептен өтедi.
Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейiн, 1140 жылы оның екi мүритi дүние салған соң, қауымды Қ.А.Ясауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ "құзырлы" тұғырды тастап, өзiнiң туған өлкесiне бiржола қайтып оралып, Түркiстанға тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзi жоқшылықта өмiр сүредi. Сырдарияның орта және төменгi жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат және көне түркi тайпалары арасында ислам дiнi ендi ғана тарай бастаған болатын. Ал бұл дiндi уағыздаушы Ахмет Ясауидi рухани басшы санаған халық оны "әулие ата" атап кеттi.
Дiн уағыздаушы әрi ақын ретiнде аты шыққан Ахмет Ясауидiң басқа Шығыс авторларынан айырмашылығы - ол шығармаларын өз тiлiнде - көне түркi тiлiнде жазды. Қыпшақ мақалдары мен мәтелдерiн көп қолданды.
Ахмет Ясауидiң бүгiнгi ұрпаққа жеткен "Диуани Хикмат" ("Даналық жайындағы кiтап") өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды. Әлi күнге дейiн түркi тiлдес халықтар ғана емес, көпшiлiк сүйсiнiп оқиды. Ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында 19 ғасырда бiрнеше рет кiтап болып басылып шыққан (алғаш басылуы 1878ж.), қазақтарға арнап оны 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлы жариялатады. Төрт тармақты өлеңнен (рубаят) жазылған осы шығармасында Ахмет Ясауи бала күнiнен бастап 63 жасқа дейiнгi өмiрiн баян етедi. Тiрлiкте көрген азабын, шеккен қайғысын тiзедi, бұқара халыққа үстемдiк жүргiзушi хандарды, бектердi, қазыларды сынайды, фәнидiң жалғандығын айтады. Бұл дүниенiң өкiнiштiлiгiн көрсетiп, аскетизмге, тағдырға сенуге уағыздайды, тәрки дүниеге (дүние қызығынан безу) салынады. О дүниенiң мәңгiлiгiн жырлайды. Сүлейман Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани т.б. Ахмет Ясауидiң жолын қуып, софизмнiң жаршысы болады. Ел аузында Ахмет Ясауи туралы көптеген аңыз-әңгiмелер бар. "Диуани Хикматтан" қазақ халқының ежелгi мәдениетiне, әдебиетiне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы фактiлер табуға болады. Оның сүйегi жатқан мазары, Шығыстың орта ғасырлық архитектурасының маржандай үлгiлерi болды. Ахмет Ясауи бейiтiнiң үстiне салынған мазар ол қайтыс болғаннан 200 жылдан кейiн, ХIV ғасырда тұрғызылды. Ахмет Ясауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған үш мәрте тағзым етiп бару Меккеге қажылыққа барумен бiрдей болды. Ахмет Ясауи мазары қазақ мемлекеттiгiнiң нысанына айналып, кейiнгi уақытта жалпы ұлттық зиарат-қорым қызметiн атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттерi - Есiм ханнан бастап, Жәңгiрхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнектi билердiң мүрделерi осы жерде сақтаулы. Бүгiнгi таңда ортағасырлық Шығыс сәулет өнерiнiң iнжу-маржаны болған бұл кесене бүкiл түркi, қалабердi, мұсылман дүниесiнiң теңдесi жоқ алтын мұраларының бiрi болып саналады.
Сырдарияның орта және төменгі ағысының жағалауларына Орта Азияның мәдениеті ілгері халықтары ежелден-ақ көзін тігіп, ақырындап осылай қарай жылжи бастады. Көшпелілердің байтақ жеріне алғаш жетіп жығылған саудагерлер мен қолөнершілер, соларға ілесе келген егіншілер мен дін уағыздаушылары мұнда отырықшы мәдениет үлгілерін орнықтырды. Әуелгідегі уақытша сауда орындары тұрақты базарға айналып, қалалардың іргесі қаланды. XII ғасырдан бастап Шаш (Ташкент) қаласынан шығатын керуен жолының үстінде Сырдың оң жағалауын бойлап бірқатар қыстақтар мен қалалар пайда болды.
Сол тұста Йасы аталған, бүгінгі Түркістан қаласында түркі сопылығының атасы Қожа Ахмет Йасауи ғұмыр кешті. Оның атасы Ибраким ибн Махмұт ибн Ифтихар. Әсершіл, байсалды Ахмет бала кезінен жергілікті түркі шайқысы Арыстанбабтың назарына ілігіп, тәрбиесін көреді. Ұстазы қайтыс болған соң Қожа Ахмет Бұқарға аттанып, сондағы атақты шайқы Қожа Жүсіп Хамаданиден ілім үйреніп, мүршидінің қолынан иршад алады. Аз уақыт кейіннен «нақшпандия тариқаты» деп аталған Бұқар сопыларының қауымын басқарып, Йасыға қайта оралады. Мұнда тақуадар Ахметке қолайлы өріс бар еді. Жергілікті ортада жедел бедел алған Ахметтен кеңес сұрап, таяныш іздегендер түкпір-түкпірден ағылып келе бастайды. Жеке басының үлгісімен өнеге танытқан Қожа Ахмет өзіне келгендерге сопылық ілімінің қағидасын: қайырымдылықты, сақылықты, Хаққа бағыныштылықты һәм пірін ұлық тұтуды жергілікті халықтың өз тілінде уағыздай бастады. Оған еліктеушілер мен мүридтерінің саны тез өсті. Исламды санасына сіңіріп үлгере қоймаған сол төңіректегі түркі рулары оны рухани пірі санады. Осы тұста Орта Азияға шығыстан қарақытайлар баса-көктеп кіре бастады. Шу өзенінің алқабына орныққан олар 1137 жылы Қожент түбінде Самарқан ханы Махмұтқа тойтарыс беріп, 1147 жылы Самарқанның теріскейіндегі Қатауан даласында селжүк сұлтаны Санжар мен самарқандықтардың біріккен қолының тас-талқанын шығарды. Олар құрған жаңа мемлекетте ислам өзінің басым дәрежесінен айырылып, басқаларымен теңестірілді. Бәлкім, Қожа Ахмет уағызының жәмиғат жүрегінен тезірек орын алуына мұның шарапаты молырақ тигені де. Һижраның 562 жылында (1166/1167) атақты түркі шайқысы қайтыс болғанымен, оның көпшілік арасындағы беделі мысқал да кеміген жоқ. Сопылық бағытта түркі тілінде жазылған «Хикметі» кеңінен танылды. Түркі тектес көшпелілер мен отырықшы Орта Азияның мұсылмандары үшін ғұмырын кедейшілікпен өткерген йасылық әулие ұлт мақтанышына айналды.
Әмір Темірге өзінен екі ғасыр алдын фәниден озып, басына тұрғызған сағанасы әбден тозған әулиенің қабірі не үшін қажет болды екен? Ұлы әміршінің тереңнен ойластырылған саяси есебі заяға кеткен жоқ. Толық мойынсұнбаған көшпелілер Әмір әскерінің бетін қайтарып, тіпті мемлекеттің жүрегі - Самарқанға әлденеше рет қауіп төндіріп, әйгілі қолбасының стратегиялық бастамаларын аяқтатпады. Көшпелілердің ұлттық сезіміне іші бұрған Әмір Темір исламды дәріптеуші халықтардың рухани бірлігін баса қолдап, өзінің ерен мақсатын жүзеге асырмақта көшпелілерді бауырына тартты, мақсаты орындалғанда өзі құрған империяның қуаты қандай боларын пайымдатқысы келді. XIV ғасырдың соңында түркі мемлекетінің бір қиырында ортаазиялық сәулет өнерінің таңдаулы ескерткішінің тұрғызылуында осындай ішкі есеп бар болатын.
«Зафарнама» кітабында кесенің іргетасы һижраның 799 жылының (1397) күзінде қаланғаны айтылады. Осы тұста Самарқан түбінде Әмірдің жаңа қалыңдығы, Моғолстан әміршісі Қызыр Қожаханның қызы Түкел ханымға арналған «Ділхошы» бағының жұмыстары енді біткен еді. Темір қалыңдығын қарсы алуға өзі шығады. Әмір Темір жасағы Шыназ маңындағы Ахангеранда қыстап шығу үшін шатыр тігеді. Қалыңдығының келуін күтіп жатқан Әмір Темір қыркүйек айында Йасы қаласына зияратқа аттанады. Қожа Ахмет мазарына тәуаптан соң Әмір мазар басындағыларға сый-сияпаттар үлестіріп Ахангеранға қайтады. Мұнда Түкел ханымның көші жетіп қалғанын естиді. Кейіннен жорықта күн-түн қатқан Әмір Темірдің Йасыға қайтып жолы түспеді. 1405 жылы Сырдың оң жағалауына қайта келгенімен ақпан айында Қожа Ахмет мазарынан 50 километр Оңтүстігіндегі Отырар қаласында кенеттен қайтыс болды.
«Зафарнама» мәтінінен Әмір Темір Йасы қаласына келген кезінде түркі шайқысының басына жаңа кесене салуға пәрмен бергенін аңғаруға болады. Әмірші бұйрығында жалпы жоспары, құрылыстың келемі, тіпті кейбір әшекей өрнектері, ішкі салтанаты көздестірілген еді. Бас күмбездің диаметрі қырық бір кезге теңесіп, ғимараттың қалған көлемі осыған үйлестірілді. Қас бетінде зәулім екі мұнара тұрғызу көздестірілді. Мұнан кейінгі үлкен күмбезі бар төрт бұрышты бөлменің ұзындығы отыз кезден, ал қақ ортасындағы әуізі жеті металдың қоспасынан құйылмақшы еді. Оған жалғас орналасқан он екі кез бөлменің күмбезі әуелгіден кішірек һәм мұнда Тәбірізден әкелінген мәрмәр сом тасымен қапталған Қожа Ахметтің қабірі орналасқан. Қабірхананың оң жағындағы, сол жағындағы жиын ететін бөлмелердің көлемі 16,5 кез х 13,5 кез. Мұнан басқа зияратқа келушілерге арналған құжыралар, қосымша белмелер салынды. Сол дәуірдегі сәулет өнер талғамына сай өрнектермен күмбездері, қабырғалары әшекейленді. Мұнша жұмысты жүзеге асыру міндеті мәулана Үбайділла Садырға жүктелді.
Кесененің әр жеріне түскен жазулардан ғимараттың құрылысына қатысушы парсы шеберлерінің аты түстей аламыз. Әшекей өрнектерін шираздық Қажы Хасан салған. Оның аты мен жұмыс датасы - һижраның 800 жылы теріскей фасадтың ішкі жағына көгілдір кірпіштермен өріліп жазылған. Қабірхана төбесіндегі кіші күмбезде екінші шираздық Шәмс Әбді-әл-Уахабтың есімі сақталған, бұл шебер кесенені түгел тұрғызбаса да, қабірхананы өз қолымен қалап шыққанға ұқсайды. Исфаьандық Из-ад-Дин ибн Тәж-ад-Дин қос есіктегі қоладан құйылған тұтқаларды, шырақ қойылатын қола тұғырларды күміспен әшекейлеп шыққан. Тайқазанды тәбіріздік Әбді-әл-Әзіз ибн Сәруар-ад-Дин құйған екен.
Жоғарыда аталғандар аты беймәлім шеберлермен һәм қйсапсыз жұмысшылармен тізе қосып істеген күннің өзінде де мұншалық алып ғимаратты мәулана Үбайділла Садырдың басшылығымен екі жылда (тіпті бір жылда деп те жазылады) бітіріп шыққанына күмәндімін. Қас бетінің ойластырғандай бітпей қалуының өзі мұның дәлелі. Ішкі есіктердің бірінің тұтқасына һижраның 797 (1394/1395) Жылы деп жазылғанына қарағанда кесене құрылысы 1397жылдың күзінен бұрын басталған. Шамасы Темір ғимарат құрылысы әбден қызған кезде келсе керек. Қалай десек те шырақ қойылатын алты тұғырды өз көзімен көріп қайтқан, олар Әмірші бұйрығымен 1397 жылдың 17-маусымында құйылып біткені жазылған.
Жергілікті халықтың айтуымен кейінірек жазылып алынған аңызда Алтын Орданың ханы һәм Темірдің айтулы бақталасы Тоқтамыстың Түркістанға шабуыл жасап Қожа Ахмет мазарына жиналған садақаларды, шайқы әулетінің құнды мал-мүлкін ала кеткені айтылады. Әулиенің басына ойран салғанын кек тұтқан Темір Тоқтамысты жер қаптырып, әкеткен дүние-қазынасын кері қайтарады. Түсінде көрген аянына орай татарлардан алынған мол олжаның қомақты бөлігі жаңа кесене мен медіресе салуға бөлінеді. Әмірдің кенеттен дүниеден озуымен кесене құрылысы толық бітпей қалып, медіресе мүлде қолға алынбады.
Аңызда осылай делінген. Тарихтан Тоқтамыстың 1389 жылдан бастап Орта Азияға әлденеше рет басып кіргені белгілі. Темір екеуі талай қан майданда бас түйісіп, 1395 жылғы шайқаста татар ханы жер сүзе құлады. Сол жылы Алтын Орданың астанасы - Сарай қаласы отқа оранып, Темір мол олжаға белшесіңен батты.
Қалай болғанда да Қожа Ахмет кесенесін салдырған әмірші оның келешектегі күнкөрісін" қоса қарастырғанға ұқсайды. Әмір Темір қалдырған уақыпнамеде Йасы "қаласының төңірегіндегі суармалы жерлер мен арықтардан түскен түсімді осында беріп тұру жазылған.
Мұрагерлік хұқына Қожа Ахмет әулетінен Мір Әлі Қожа шайқы уақып заттарына иелік жасауға лайықты жан ретінде алғашқы мүтәуәлі болып тағайындалады. Ол барша түсімнің оннан бірін алуға хұқылы. Әмірші үшін намазға шақыру һәм хатибке қатысты міндеттердің барлығы һәзіреті Дәруіш Әліге жүктеліп, бұл лауазымды иелену хұқы оның ұрпағына берілді. Мазарға қызмет қылатын олардан басқа екі қары, су тасушы, сыпырушы және екі бағбан белгіленді. Қарылар, зікір салушылар, кедей-кепшік пен жетім-жесірлерге, кезбелерге күлше пісіріліп, жетісіне екі рет бидай мен еттен халим асын дайындауға рұқсат берілді.
Азық-түлік пен отын-судың жылдық қажеттігі қатаң ескерілді. Жоғарыда аталған мешіт қызметшілеріне, басқа да мұқтаждыққа төлеуден артылатын ақшаны кесенені жөндеуге жұмсалатын болып келісілді һәм мұны бұлжытпай қатаң орындау талап етілді.
«Кімде-кім бұл шартты бұрмалайтын болса, ол Алла тағаланың, еріштелердің, барша жұрттың кәріне ұшырасын. Мұндай жан Жаббар иемнің мәңгіазабынадушар болсын».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет