Бөж тақырыбы: Ахмет Яссауи кесенесі және Ыстамбул тарихы Қабылдаған : Phd кошенова Г. Орындаған : Тасқұл Ұ. Тобы : Өдз – 212



бет3/7
Дата28.02.2023
өлшемі97,42 Kb.
#170555
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ Ұлжан-1

Әзірет Сұлтан мешітінің құрылысы

Әзірет Сұлтан мешіті бұдан 463 жыл бұрын салынған. Көркем шығарманың әсемдік заңының бүткіл үйлесімділік талаптарына жауап беретін адам қолымен жасалған бұл ғажайып сол замандағы шеберлердің кәсіби деңгейінің жоғары болғандығын айғақтайды. Мешіт қаланың сыртында орналасқан, оның балшық дуалдармен қоршалған ауласының бұрыш-бұрыштарына күйдірілген қыш кірпіштермен сомдалған қамалдар тұрғызылған. Қамалдарды қарулы жасақ күзетеді. Аула екіге бөлінген: оның бір жартысында аралары тас , қабырғалармен бөлінген бас гауптвахта мен интендант чиновнигінің пәтері (бұл араға орыстар келгенге дейін оны Түркістан әкімінің отбасы мекендепті), ал екінші бөлігінде Әзірет Сұлтанның мешіті қоныс тепкен.


Алдынан қарағанда көзге әуелі мешіттің асқақтаған қос мұнарасы шалынады, оның біріне іштегі айналма баспалдақтар арқылы әр жұма сайын діндарларды намазға шақыратын азаншы көтеріледі. Екі мұнараны мешіттің хас беті болып табылатын тас қабырға жалғастырып тұр, онда сырттан кіретін есік орналасқан. Мешіттің үстінде екі күмбез бар. Алдыңғы қабырғаның үстінде осы кезге дейін бірнеше көлденең тақтайлар сақталып қалыпты, шамасы олар мешітті салу кезінде көпір ретінде пайдаланылса керек.
Әзірет Сұлтан мешіті іштей үш бөлікке бөлінген: бірінші бөлік күмбездің астындағы биіктігі 16 сажын үлкен залдан тұрады. Оның оңы мен солында қабірлер орналасқан төрт-төрттен бөлмесі бар. Кіреберістегі сол жақтағы есік мешіттің екінші бөлігі болып саналатын Жұма намаз оқылатын көк бөлмеге бастап апарады. Ортадағы тағы бір үлкен бөлмеде Әзірет пен оның отбасы мүшелерінің қабірлері орналасқан, ал оның оң қапталындағы ала көлеңке ұзын дәлізді қуалай. басқа да.қабірлер қоныс тепкен. Осы дәліз арқылы тағы бір сопақшалау, көк бөлмеге шығуға болады, онда құдық бар.
Әзірет Сұлтан мешітінің ауласындағы арнаулы орында сырты жұқа қыш кірпіштермен өрнектелген күмбезді шағын дөңгелек ғимарат орналасқан. Ақсақ Темір мұнда өзінің шөбересінің (2) қабірін көшіріп әкеп жерлемекші болыпты, алайда өзі қайтыс болып кеткендіктен, оңың бұл ойы жүзеге аспай қалыпты.
Мешіт жақсылап күйдірілген қыш кірпіштерден тұрғызылған; қабырғалары бір-бірімен ағаш бөренелерімен жалғастырылған; есіктерінің бәрі - ағаш; күмбездің астындағы үлкен бөлменің тебесі алебастрмен сыланған; мешіттің және күмбездің іші жұқа қыш кірпіштермен өрнектелген; көкшіл бояумен безендірілген мешіттің ішкі терезе және қабырға ернеулеріндегі уақыт өте ескіріп, көмескілене бастаған, әдемі, ірі араб қаріптерімен өрнектелген жазулардан құран үзінділері мен оның соңынан берілген мынандай сөздерді оқуға болады:
1. «Бұны жасаған Шираз шәһарының тұрғыны Құсайын қожа».
Әзірет Сұлтан мешіті Әмір Темірдің бұйрығына сәйкес 806 жылы (мұсылман жыл санауы бойынша), ал жаңа жыл санауы бойынша 1404 жылы тұрғызылған.
Аңыз бойынша бұл құрылыстың салынуына мынандай жағдай себеп болыпты. Қаһарлы жаулап алушының немересі Ұлықбек мырзаның (4) кішкентай қызы, Ақсақ Темірдің сүйікті шөбересі Рәбиға-Бегім кенеттен дүние салады. Әмірші оны мәңгі есте қалдыру үшін шөбересін әулиенің жанына жерлейді де, олардың қабірлерінің үстінен мешіт тұрғызуға жарлық береді. Сол үшін әр аймақтың ең шебер ұсталары шақырылып, олар мешітті тұрғызу үшін бірнеше жыл тер тегеді. Мешіт Темірдің (5) қазасымен тұспа-тұс мезгілде бітеді.
Мешіттің ішіндегі жоғарыда біз айтып өткен сегіз бөлмеде мешіт қызметшілері мен әр жерден осында оқуға келген шәкірттер тұрады. Кейіннен мұнда осы өлкенің атақты кісілері жерленетін болған. Айталық, осында Түркістандық бүткіл ислам әл-шайықтар (б), сейіттер (7), Түркістанның бұрынғы-соңғы барлық әкімдері мен Қоңыраттың (8) билері жерленген.
Рәбиға-Бегімнің мүрдесінен басқа мұнда Орта жүз бен Кіші жүздің кейбір сұлтандарының да қабірі бар. Айталық атақты Абылай хан (9) мен Түркістанды билеген Әбілқайырдың (10) күллі ата-бабалары мен Баба-Самуд-Жолбарыс ата деп аталатын белгісіз елдің ханзадасының сүйектері де осында. Бұл қабірлердің кейбіреулерінің басына ескерткіш қойылған, ал қалғандарының басындағы әртүрлі пішімдегі мәрмәр тақталарға тамаша араб қаріптерімен олардың аты-жөндері ойып жазылған, бірақ онда олардың қай жылы қайтыс болғандығы көрсетілмеген.
Әзірет Сұлтан мешітінің бірінші бөлмесінің қабырғалары араб және парсы тіліндегі әртүрлі жазулармен өрнектелген. Кейбір тұстарда қабырғаға қағазға жазылған жазулар желімденген. Оларға Құраннан алынған үзінділер, діни мазмұндағы жырлар немесе мұсылман әулие-әнбиелерінің аты-жөндері жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет