Мельбурн Крикет Граунд / Melbourne Cricket Ground. Сыйымдылығы – 100 024. Бұл Австралияның ең ірі алаңы болып табылады. Бұдан өзге, бұл крикет ойындарынан әлемдегі ең үлкен алаң. Мұнда крикеттен Австралияның ұлттық құрамасы ойнайды. Сонымен қатар бұл алаңда футболдан Австралия құрамасының үй матчтары өтеді. Сонымен қатар мұнда австралиялық футболды да ойнайды. Алаң сонау 1854 жылы тұрғызылған және содан бері жөнделмеген. 1956 жылы Мельбурн Крикет Граунд жазғы Олимпиада ойындарының басты алаңы болады, ал Олимпиада-2000 кезінде футбол матчтарын қабылдаған.
Үнді жастарының алаңы / Stadium of the Indian Youth (басқаша атауы - Salt Lake Stadium). Сыйымдылығы - 120 мың адам. Алаң 1984 жылы тұрғызылған және Үндістанның Калькутта қаласында орналасқан. Соңғы жөндеу жұмыстары 2001 жылы жүргізілді. Алюминийден жасалған шатыр стадионның 70% -ын жауып тұрады.Бұл алаңда Үндістанның құрама командасы өз матчтарын өткізеді, сонымен қатар "Ист-Бенгал", "Мохун Баган" мен "Мохаммедан" футбол клубтары да ойнайды. Бұдан өзге, мұнда жеңіл атлетикадан жарыстар өткізіліп тұрады.
Ацтека / Azteca. 87 523 адам сыятын бұл алаң Латын Америкадағы ең ірі алаң болып табылады. Алаң Мексика астанасы Мехикода 1966 жылы тұрғызылған және футболдан әлем чемпионатын екі рет қабылдаған (1970, 1986). "Ацтека" 22 маусым 1986 жылы Диего Марадоннаның қолымен соғылған голына куә болған. Ал үш минуттан кейін «Ғасыр голын» - футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік голды салды. Ол Марадоннаның ағылшын командасының айып алаңына кіріп кетіп, қақпашымен қатар алты ойыншыны алдап кеткеннен кейін салынды. Бүгінде "Ацтека" – бұл футболдан Мексика құрамасының үй аренасы. Сонымен қатар мұнда Мексиканың 10 дүркін чемпионы - «Америка» футбол клубы матчтарын өткізеді.
Букит Джалил / Bukit Jalil. Сыйымдылығы – 110 000. Бұл алаң Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Бірлестік ойындарын (Британ бірлестігі) өткізу үшін 1998 жылы ашылды. Малайзияның ең үлкен алаңы қазірде мемлекеттің футбол құрамасының үй аренасы болып табылады, сонымен қатар футболдан Малайзиялық Кубок пен Суперкубок финалдарын өткізу орны саналады.